Сабақтың типтері Сабақ құрылымы



бет3/4
Дата22.09.2023
өлшемі22,86 Kb.
#182072
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ типтері мен қүрылымы

Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді.
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. 
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.


Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
• оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің, заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар аудару;
• есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
• есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау;
• оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру;
• мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
• есте сақталған мәліметтерді анықтау;
• қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
• білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет