«Бекітемін» №3 мектеп-интернат директоры Нәлібаева Л.
Күні: 02.10.2017 ж
«Оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әсер ететін кедергілер» атты коучинг
ЖОСПАРЫ
№
|
Сабақтың тізбегі
|
«Оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әсер ететін кедергілер»
|
1
|
Жалпы мақсаты
|
Оқудағы кедергілерді жеңу жолдарын тәжірибеде қарастыру.
|
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. wiki беттерінен жүктелген дереккөздер Әдістемелік нұсқау
|
2
|
Күтілетін нәтиже
|
Мұғалімдер оқуда болатын кедергілерді анықтайды кедергіні жою жолдарын таба алады оны тәжірибелерінде қолданады.
Білім берудің қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейтеді. Оқушыларды оқу үрдісіне тартып, бағыттап бағдар бере алады
|
3
|
Материалдар және ресурстар
|
Компьютер, проектор, , түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, видеоролик, А4 и А3 форматтағы флипчарттар,, стикерлер,
|
4
|
Оқыту әдістері
|
Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі АКТ СТО.
|
5
|
Тапсырмалар:
|
Топтық талдау, рөлдік ойын, салыстыру, , зерттеу
|
5
|
Түйінді идеялар
|
Мотивация теориясы. «Оқытудағы кедергілер» деген түсінікті біліп, сол кедергілерді жою қадамдарын жасай алады.
Кәсіби білім біліктіліктері өседі, шыңдалады
Оқыту мен оқу туралы жаңа идеялар тауып жұмыстанады
|
Коуч сессияны өткізу этаптары
|
Уақыт шеңбері
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
|
3мин
|
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Жан жылуы» тренингін ұйымдастырамын.
|
Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
|
Шағын топқа бөлу
|
3 мин
|
Коуч қатысушыларды «коучинг кассасы» тренингі бойынша топқа бөледі. Мұғалімдерді коучинг кассасынан билеттер алуға шақырады.
|
Билеттердегі тілектер бойынша топқа бөлінеді. «Жұлдызың жансын!», «Бақыт тілейміз!», «Сыйластық тілейміз!», «Махаббат тілейміз!».
|
Миға шабуыл
|
5 мин
|
Бастауыш сынып баласы мектепке барғысы келмейді? Сіздің әрекетініз?
Қыс мезгілі, қар өте көп жауды. Мектеп алаңыңда
қандай жоба жасар едің?
Мұғалім сабақты жақсы түсіндірді. Оқушылар тек қана тыңдады және көшірді. Сенің пікірің? Білім әрбір 4 жылда ескіріп отырады…
|
Сұрақтарды талқылайды және қорғайды
Топтық бірігіп жұмыс жасайды, тақырыпты айқындайды
|
Бейнеролик көрсету
|
2 мин
|
«Мультик про мотивацию» бейнежазбасын көрсету .Бейнематериалды талдайды.
|
Коучингке қатысушылар бірлесіп жұмыстың тиімділігін түсінеді. Оқушылар арасындағы кедергі жасайтындар мен жұмыс жүргізідің тәсілдерін түсінеді.
|
Жаттығулар:
Топтық жұмыстар
|
10 мин
|
«Оқу мотивациясына әсер ететін кедергілер» тақырыбын береді
|
Топтар тақырыпқа сәйкес жағдаяттар ұйымдастырады , келесі топ одан шығу жолдарын қарастырады
|
Презентация
мотивация теориясы.
|
5 мин
|
Мотивация туралы түсінік береді, үлгермеушілермен жұмыс түрлерімен таныстырады
|
Мотивация түрлерін ажырата алады, салыстырады, балаларға үнемі көрсетіп айтып отыруды ұғынады.
|
Сергіту сәті
|
5 мин
|
«Нужна мотивация» мультигін көру
|
Коучингке қатысушылар бірлесіп пікірлерін айтады
|
Рефлексия
|
5 мин
|
«Кездескенше» тренингін ойнату
|
Бір-біріне тілектерін айтады
|
|
|
Кері байланыс:
1.Қалай ойлайсыздар,сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты тиімді?
2.Өз сыныбыңызда үлгермеуші оқушылармен қалай жұмыс жүргізесіз?
3. Топтық жұмыс барысында көшбасшы оқушының рөлі қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар?
|
|
Мұғалімдер сұраққа жауап бере отырып, сабақ барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді.
|
Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады)
-Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлады.Оны сіздер бір-біріңізге бере отырып, семинар туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар
Семинар аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі жұмысымызда алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін кездескенше.
Достарыңызбен бөлісу: |