Жаттығумен жұмыс: 156-жаттығу. Берілген мысалдардан төл сөзді бірбөлек, төлеу сөзді бір бөлек топтап жазыңдар.
Кітаппен жұмыс: Көркем шығармалардан төл сөзді тауып тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.
Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 157-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен автор сөзі Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз бен автор сөзі туралы түсінік беру;
тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту