Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі.
Ағылшын тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің сапасын көтеру үдерісі - оқыту технологияларының сапасын, студенттердің сол технология бойынша ағылшын тілінен алған білімінің сапасын, ағылшын тілін үйретуші оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, ағылшын тілін үйрету әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Студенттер тәжірибе жинақтау барысында кәсіби санасы жетіліп, елжандылық рухы, сана-сезімі жетіліп, даралық қабілеттері де даму үстінде болады. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Педагогикалық технологиялар арқылы ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді мәселелер өз шешімін табады:
− ағылшын тілін үйренуші студенттің тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді;
− ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен, студенттің білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды;
− студенттің танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;
− студенттер проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді
Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар
1. Ағылшын тілін оңайдан қиынға қарай оқытуға бағытталған.
2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады.
3. Басты көңіл бөлетін нәрсе сөйлеу мен оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді.
Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын.
Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай: сұрақ – жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, түйіндеу,дәлелдеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты әдістерді қолдануға болады, ең тиімдісі сол тілдің өз өкілімен жұмыс жасау арқылы үйрету болар еді,бірақ ондай мүмкіндік жоқ десе де болады.Ең кем дегенде жазба дисктерден тыңдату қажет.
Оқу. Мәтін негізгі қарым – қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау үшін бір мақсат болса, екінші мақсат – өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3 – 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады.
Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған жаттығуын сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталау, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек.
Диалогты, әңгімелерді, мәтінді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Әдетте тыңдауға арналған маәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3 – 4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1- 5 % минут көлемінде болуға тиіс. Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындаймын:
1. Сұрақтар бойынша оқушыны тексеру
2. Кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу
3. Тыңдалған әңгімеге ат қою
4. Жоспар құру
5. Ауызша, қысқаша толық мәтіннің мазмұнын беру
6. Әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру.
Жазу – сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматкалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады.
Ал, шетел тілін оқытуда грамматиканы оқытудағы басты міндет – сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту. Ағылшын тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру, сол тілде тезірек және саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттың бірі болып есептеледі.
Сабақ – шығармашылық ізденіс дейміз.Күнделіктң сабақ жоспарын жасаудың өзі көптеген ізденісті,терең білімді талап етеді.сондықтанда мұғалім оқушыдан да бетер дайындалуы тиіс.Алдын ала жоспарланған сабақ қана өз нәтижесін береді. Сабақ жүйелі,бір тізбекпен берілуі тиіс.Алдыңғы сабақпен кейінгі сабақта байланыс болуы тиіс.Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мәселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды шынайы өмірде пайдалана білу болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс – шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәжірибе жұмысын толықтыра және тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуын оятудың формасы болып табылады.
Өзімнің іс тәжірибемде сыныптан тыс шараларды өткізген кезде интеллектуалды ойындар мен сайыс сабақтарын көп қолданамын,себебі бұл жұмыс формалары балаларды шапшаң шешім қабылдауға, ал топпен жұмыс балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Интерактивті әдіс – тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы – кеңесші рөлін атқаратыны белгілі, ал оқушылар белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін – бірі толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін – өзі батыл, еркін сезінеді, үйреніп жатқан тілге деген қызығушылығы артады, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйренеді.Сонымен қатар оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті мақсатқа тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бап, 7 – тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.
2.Тапсырмалар, кестелерді алдын-ала дайындап қоюда уақыт ұту
5.Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.
6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты ағылшын тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет.
Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.
Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты. Қазіргі кезде әдіс-тәсілердің барлығы дерлік баланы өз бетімен жұмыстануға,білім алуға жетелейді.
Әдебиеттер
Конышева А.В. «Современные методы обучения англисскому языку» Минск 2004г.
А.М. Иманғалиева. « Шет тілін оқыту әдістемесі»№2. 34. 2010ж.
Мектептегі шет тілі. №4, 2011. 28 б.
Токтамысова Г.А.«Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары.»
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамыту.
Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты.
Тыңдап түсіну барысында туындайтын қиындықтар:
Сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін.
Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Ал оқушы өз мұғаліміне дағдыланып алады.
Мұғалім барлығына түсінікті болу үшін өте баяу ырғақта сөйлейді. Дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді.
Егер тыңдаушы сөйлеушінің сөйлегендегі іс-қимылын бетпе бет көріп үйреніп қалады. Телефон арқылы сөйлесу, радио тыңдауда ондай болмайды. Осы кезде түсінісу қиын болады.
Оқушылардың ағаылшын тілі сабақтарында тыңдап түсіну қаблеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтардың алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты – мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т.б. толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетін анықтай және т.б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты – мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты – оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойлатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Әдебиеттер:
Шетел тілін оқыту әдістемесі. 1 (39) 2011ж. Алматы қ. «Нұр-принт 75» баспаханасы.
Методика обучения иностранным языкам в СШ. Модернизация общего образования. Издательств: КАРО, Санкт-Петербург, 2005.
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТ
Мақала шет тілін оқытудағы «бағыт», «әдіс» ұғымдарына, қандай бағыт-әдістер бар екеніне, соның ішіндегі қатысымдық немесе коммуникативтік бағытқа арналған.
Білім берудегі бағыт терминін ғылыми ортаға ағылшын әдіскері А. Энтони (1963 ж.) зерттеушінің тіл табиғаты мен оны меңгеру тәсілдеріне қатысты қолданатын бастапқы ережелерді білдіру үшін енгізген болатын. Тілді оқыту жүйесінің бөлшегі бола тұра, бағыт оқыту пәніне қатысты бар ой-пікірлер мен оқыту барысында тілді меңгеру мүмкіндіктерін сипаттап, оқытудың жалпы әдіснамалық негізі ретінде қызмет атқарады. Әдіскерлердің ойынша, оқытудағы бағыт оқытылуы тиіс пәннің мәніне деген көзқарас болып табылады (Вятютнев, 1984), ілімнің нақты саласында зерттеудің жалпы әдіснамалық негізі ретінде қолданылады (Бим, 1988), белгілі бір құбылысты зерттеуге бағытталған зерттеушінің әрекетін анықтайды (Скалкин, 1981).
Тілді оқыту әдістемесінде оқыту бағытының бірыңғай топтастырылуы жоқ, осылайша, М. В. Ляховицкий (1981) тілді меңгеру психологиясы тұрғысынан анықталатын төрт жалпы бағытты атайды:
1. бихевиористік – көрсетілетін ынталылықтарға жауап ретінде сөйлеу дағдылы әрекеттерінің пайда болу жолымен тілді меңгеру;
2. индуктивті - саналы - тілдік ережелер мен оларды сөйлеуде қолдану тәсілдерін меңгеруге алып келетін сөйлеу үлгілерін бақылау нәтижесінде тілді меңгеру;
3. танымдық (когнитивті) – ережелер мен нұсқаулықтар күйіндегі білімнен меңгерілген білім негізіндегі сөйлеу дағдылары мен ептілікке дейін деген реттілікте тілді саналы түрде меңгеру;
4. интеграцияланған – білім және сөйлеу дағдылары мен ептіліктерінің параллельді меңгерілуінен көрініс табатын оқыту үдерісінде саналы және саналы емес бөлшектердің сабақ барысындағы органикалық бірігуі.
Лингвистикалық және басқа да көптеген факторларды ескеру негізінде М.Н.Вятютнев бағыттарды классификациялауға тырысты. Ол қазіргі заманғы оқыту әдістерін топтастыру үшін алты бағытты қолданып, келесідегідей бөліп көрсетті: грамматикалық, тікелей, бихевиористік, оқылым, ұжымдық, коммуникативті – жеке тұлғалық.
Егер тілді оқытудағы барлық бағыттарды сараласа, оларды бөлуге не оқыту нысанасы (тіл сөйлеу, сөйлеу әрекеті), не оқыту тәсілі (тікелей, саналы, әрекеттік) негіздеме болып табылатынын аңғару қиын емес.
Енді бағыт сөзіне жақын болып келетін əдіс сөзіне келер болсақ, жалпы мағынада «әдіс» ұғымы (грек. пр – зерттеу немесе таным жолы) – мақсатқа жету тәсілі. Әдістеменің іргелі категориясы бола тұра, оқыту әдістері оқыту жүйесінің бөлшегі болып табылады. Сәйкес оқыту әдістерінсіз оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес.
Бұл ұғым қазіргі заманғы ғылымда үш түрлі мағынада қолданылады: жалпы методологиялық (әдіс таным құралы, ақиқатты, табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеу тәсілі ретінде), жалпы дидактикалық (білім беру мазмұнын игеруді қамтамасыз ететін оқытушы мен оқушының өзара байланысты іс-қимылдар жүйесі ретінде) және жеке дидактикалық (әдіс оқытушының оқу әрекетінің стратегиясын анықтайтын, оқытудағы бағыт ретінде).
Жеке дидактикалық əдістер
Айтарлықтай әмбебап және түрлі пәндерді оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық әдістерден айырмашылығы – жеке дидактикалық әдістер тобы нақты оқу пәні немесе пәндер тобының өзгешелігін бейнелейді.
Шет тілдерін оқыту әдістемесінде тарихи түрде әдістің жеке дидактикалық ұғым ретінде екіжақты анықтамасы қалыптасты:
а) әдіс оқытудағы бағыт ретінде (терминнің кең мағынада түсіндірілуі) және
б) әдіс тілдің белгілі бір жағын оқыту тәсілі ретінде (терминнің тар мағынада түсіндірілуі). Бір ұғымның бұлайша екіжақты түсіндірілуі сәтті деп айтуға болмайды: ол, көп жағдайда, бір терминнің басқасымен алмастырылуына алып келеді және де жалпы дидактикалық пен жеке дидактикалық әдістердің қазіргі дидактикада белгіленген жіктелу тұрғысынан негізделмеген. Оның орнына тілді оқыту әдістемесінде терминнің кең мағынасындағы түсіндірілуін бекіткен жөн, яғни оқыту әдісі – оқытудағы тілді оқыту мақсаттарын, міндеттері мен мазмұнын жүзеге асыратын және оларға жету жолдары мен тәсілдерін анықтайтын бағыт.
Шет тілдерін оқыту тарихынан тілді оқытудағы қоғамның қажетсінулеріне жауап ретінде пайда болған және қоғамның түрлі даму сатыларындағы ғылым мен техниканың даму деңгейін бейнелеген бірнеше ондаған әдістер мәлім. Осылайша, тілдің практикалық меңгеруіне деген қажетсіну тікелей әдістердің тууына, ал қоғамның қысқа уақытта тілді үйренуге деген талабы интенсивті әдістердің дамуына алып келді. Заманауи технологиялардың дамуы аудиомен видеобаспалардың, компьютерлердің оқу үрдісіне енгізуіне және қашықтан оқуды тілді меңгерудегі перспективалық форма ретінде рәсімдеуге септігін тигізді.
Жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен қатар ең ұтымды да әмбебап оқыту әдісінің жасалуы жайлы жиі хабарланып жатты. Мұндай жағдай 1950 жылдары аудиовизуалды әдіске қатысты орын алды, ол әдіс – аз уақыт ішінде қатынастың ауызша формасын меңгеруде ең жақсысы болып жарияланды. Ұқсас жағдай кейбір интенсивті әдістер пайда болғанда туын- дады. Дегенмен, әдістеме саласындағы зерттеу мен жұмыс тәжірибесі өмірдің барлық жағдайы- на жарайтын әмбебап әдістеменің жасалуы жү- зеге асуы қиын міндет екендігіне көзімізді жет- кізеді, ал әдістің ұтымдылығы оқытудың нақты шарттары мен мақсаттарымен анықталады [1].
Әдістің ұтымдылығы жайында танымал әдіскер П. Хэгболдт былай деп айтқан: «Оның тәсілі тілді меңгеруде ең жақсысы, ғылыми және сол уақытта ең тезі деп айтып бағатын адам барлық аурудан емдейтін әмбебап дәріні жарнамалайтын дәрігерге ұқсайды. Бұндай әдіс тек аямпаз немесе мұңды күлімсіреуді тудыруы мүмкін, себебі ол әр жексенбілік газетте жария- ланатын «француз, неміс және испан тілдерін 20 сағатта үйретемін» деген сияқты айқайшыл хабарландыруды еске түсіреді» [2, 85].
Ұқсас ойды Л. Н. Толстойдан да байқай ала- мыз: «Бір жаман не жақсы әдіс болмайды, әдістің кемшілігі тек бір әдіске сүйенгендігінде» [3].
Әдістемедегі барлық тіл оқытудың тікелей, саналы және әрекеттік бағыттарына сүйене оты- рып, қазіргі заманғы оқыту әдістерін тікелей (интуитивтік), саналы, құрама, интенсивті деп бөлуге болады [1, 182].
Шет тілдерін оқытудағы әдіс-бағыттар
Тікелей
|
Саналы
|
Құрама
|
Интенсивті
|
Табиғи
Тікелей Аудиовизуалды Аудиолингвалды Әскерлік Ауызша «Гувернантка әдісі»
|
Грамматикалық-аударма
Саналы-практикалық Саналы-салғастырмалы
|
Оқылым Коммуникативті
Тандем-әдіс
|
Суггестопедиялық
Эмоционалды-мағыналық Активтендірушіліктер
Гипнопедия Ритмопедия «Экспресс-әдіс» «Интелл-әдіс»
|
Шет тілдерін оқытудағы қазіргі заманғы әдістер жайында төмендегі кесте түсінік береді:
Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең белсенді әдістемелерінің ішінде жетекші орын алады. Ағылшын тілі үшін әдістің өзге атаулары – «оксфордтық» немесе «кэмбридждік» – қолданылады. Шынында-ақ, ағылшын тілінен бөлек кез келген тілді оқытуда қолданылып жүрген осы әдістің негізі Британдық жетекші университеттердің оқытушы – лингвистері мен психологтарының бірлескен күшінен туындаған. Коммуникативті әдіс негізінде «Headway» мен «New Cambridge English Course» (ағылшын тілі), «Neumen neu» (неміс тілі), «Le Nouvelle sans Frontiers» (француз тілі) сияқты танымал оқу құралдары жазылды.
Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету – оқытушының басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері студентке оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады. Коммуникативті әдіс оқушы мен оқытушы арасындағы психологиялық тосқауылдың жойылуын ұйғарады. Білім алушылар өздері мен оқытушы арасындағы қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, көңілді болса, оқушыларға өзге тілде сөйлей бастау оңайға түседі. Оқытудағы көптеген ойын элементтері сабақты жандандырады, студенттердің эмоционалды көңіл-күйін сақтап отырады, олардың уәжін күшейтеді. «Жұптық», «үштік» жұмыстар, студенттерге қызық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының барлығы мұғалімге студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге, сабақтарды шығармашылық және қызық етуге және де сол мезетте оқытушыға студентке сездіртпей, оқыту үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге мүмкіндік береді [4].
Бұл бағыт, әдетте, коммуникативті деп аталады. Алайда оның бастапқы кезеңдерінде функционалды немесе мағыналы деген басқа да ұғымдар синоним ретінде қолданылды. Тіл оқытумен байланыстағы коммуникативті термині тілдің семантикалық аспектісімен белгіленген қатынасын білдіреді.
Құрылымдық әдістемелердің (structuralist methods) дағдарысы Чомскидің сынынан кейін, әсіресе «Синтаксистік құрылым» (1957) атты
Достарыңызбен бөлісу: |