Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену


Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері



бет36/159
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#7332
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159
Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: білімділік – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан-жақты толық мағлұмат беру; тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие беру; дамытушылық- өз пікірін айтуға төселдіру,танымын кеңейту,ойлау қабілетін арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі-мысалды әдіс.
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау сабағы
Көрнекілік: таблица,перфокарта,кеспе қағаздар,сурет.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын түгелдеу,сабаққа келмеген оқушылардың себебін білу, дайындықтарын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ұлжан үйінің түстігіне Күңке,Құдайберді,Айғыздар да жиылып отыр еді. (М.Әуеззов.Абай жолы).
Бірыңғай бастауыштар жалқы есімдерден (кісі аттары) болғанда,көптік жалғауы олардың ең соңғысына ғана жалғанады да,сол көптік жалғаулы сөз жинақтаушы қызмет атқарады.
Олар Абаймен біресе жарысады,біресе қалжыңдайды,ойнайды. (М.Әуезов.Абай жолы).

  1. Етістікті бірыңғай бастауыштар.

  2. Есімді бірыңғай бастауыштар.

Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы.(Абай).
Қазақ әндерінде сол дала тауларының,өзендерінің,кең алқаптарының өрнектері бар. (С.Мұқанов).
Ащы мен тұщыны татқан білер,алыс пен жақынды жортқан білер (мақал).
-мен,-бен,-пен жалғаулығы арқылы байланысқан бірыңғай толықтауыштарда септік жалғауы үнемі олардың соңғысына ғана жалғанады.
1. Бірыңғай тура толықтауыш.
2. Бірыңғай жанама толықтауыш.
Өнерге салды бұлбұл аңыратып,
Шыңғыртып,шымырлатып,сорғалатып.
(Абайдың Крыловтан аудармасы: «Есек пен бұлбұл»).
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.
Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.
Сызбасы

Несі?

Қасиеті

Кімнің?

Адамның

Не? үш-ақ нәрсе:

ыстық қайрат, нұрлы жол, жылы жүрек

Жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің алдында келгендіктен одан кейін қос нүкте қойылып тұр.


Өнеркәсіпке керекті таскөмір,мұнай,мыс,жез,қорғасын – барлығы Қазақстан жерінен табылады.
Сызбасы
таскөмір,
Қандай? мұнай Не? Қайтеді?
өнеркәсіпке керекті мыс барлығы табылады
жез
қорғасын
Қайдан?
Қазақстан жерінен
Бірыңғай бастауыштар жалпылауыш сөздің (барлығы) алдында келгендіктен жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да,бірыңғай мүшелер өзара үтір арқылы бөлінеді.
Оқулықпен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет