Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру: Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.
Мысалы: Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді.Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, - баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің тынышы кетті,сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді. Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай,салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: