Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың типі : пысықтау сабағы Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар
бет 1/4 Дата 06.02.2022 өлшемі 45,13 Kb. #35930 түрі Сабақ
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты:
сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;
лексикалық білім, білік,дағдыларын арттыру; ой-өрісін, танымын арттыру;
ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың типі : пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.
Құрал-жабдықтары : интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
II Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп , ұзын, жуан, дәмді,биік,байырғы.
Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?
«Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.
Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?
«Шөп» деген сөз артық, себебі ол- зат есім, қалғандары -сын есім.
III Артығын тап
Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол -сын есім, қалғандары -зат есімдер.
Дәмді, көже , тәтті, көңілді, әдемі.
Майлы , майлады, шегеледі, тойлады,жайнады.
Достарыңызбен бөлісу: