VII «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
4 3 1 2
Өсіп тұр,гүлдер, аулада, қызыл.
3 2 4 1
Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
4 3 2 1
Озып келді, ат,жирен, бәйгеден.
2 3 4 1
Қалаларда, метро, болады, үлкен.
Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Ол үшін не істеу керек?
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.
Қандай аю? Қоңыр аю.
VIII «Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
IX Қорытындылау
Сын есім туралы не білеміз?
Сын есім заттың түрін-түсін, сапасын білдіреді.
Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.
Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
X Бағалау, мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан , ұтымды жауап берген балаларды
оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады.Оларға қол шапалақтап,
қошемет көрсетіледі.
XI Үйге тапсырма
5- жаттығу
Өлеңді оқу, сын есімдерді табу,қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;
Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |