VI «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әәәә -Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Қққ, Ооо, Ссс,Ддд, Ттт, Еее,Жжж.
Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
ашулы арыстан - ызалы арыстан
- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір-біріне жуық сөздер дейді.
- Олай болса, оқулықтағы 2-жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.
Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.
Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.
(Жұрнақ арқылы жасалған.)
Достарыңызбен бөлісу: |