IV. Терме диктант
Наурыз қандай мереке?
Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.
22 наурызда күн мен түн теңеледі.
Наурыз көже жасалады.
Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.
Наурызда ренжіскен адамдар бірін-бірі кешіреді.
Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазу
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастарқан жайылды,
Ошақта от жалындап.
Дарқан дала, қарлы шың, байырғы мереке, ақ дастарқан.
Осы сөздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім дейміз?
Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.
V Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.
Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |