Күні:4.03 6- сынып ежелгі Қазақстан тарихы
Сарматтар. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Батыс Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі өмір сүрген Сармат тайпаларының тарихы мен орналасуы және қоғамдық құрылысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Елжанды, ұлжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірмелі - баяндау, сатылай кешенді талдау, сәйкестендіру тесті, сұрақ - жауап, сандар сөйлейді.
Көрнекілігі: Карта, плакат, тірек - сызбалар, слайдтар. Техникалық құралы: Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушылар дайындығын қадағалау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау:
30/1Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?(полихромдық стиль) 30/2 Ғұндарда елді кім биледі? (Шаньюй)
20/1 Көшпенділер тұрмысқа қажетті затты көбіне неден жасады?
(былғары)
20/2 Ғұндардың баспанасы...(киіз үй)
40/1 Аттила (Еділ) шамамен қай кезеңде өмір сүрді? (400 - 453)
40/2 Ғұн сарайлары неден жасалды? (бөренеден)
III. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Кім алғыр» тесті.
1. Ғұндар ыдыс - аяқ жасауға төменгі материалдардың қайсысын пайдаланған?
а) Ағаш;
ә) Металл;
б) Тері;
в) Балшық;
2. Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?
а) Безендіру;
ә) Полихромдық стиль;
б) Зерлеу;
в) Бояу;
3. Ғұндардың негізгі шаруашылығын ата?
а) Аң аулау;
ә) Мал шаруашылығы;
б) Егіншілік;
в) Зергерлік;
4. Ғұндарда әлеуметтік теңсіздік қалыптасқаны неден байқалады?
а) Мал мен жерге жеке меншік шықты;
ә) Шенеуніктер қалыптасты;
б) Құқықтық жүйе пайда болды;
в) Әміршілер сайланды;
5. Ғұндардың Еуропаға жорығын басқарған кім?
а) Бумын
ә) Мөде
б) У - Ди
в) Чжи Чжи
г) Еділ
IV. Жаңа сабақ. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сарматтардың орналасқан жері.
2. Савроматтар.
3. Арал - Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар.
4. Қоғамдық құрылысы.
Cарматтар
↓
«Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. III ғасырдан бастап кездеседі.
Тарихи деректерде алғашқы кезеңде б. з. б. VIII ғ. «савроматтар» деп аталған.
Арал - Каспий аралығында оңтүстікке қарай дах (дай, даг) тайпалары тіршілік еткен.
Каспий теңізін Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспийліктерді кейде гирканилер дейтін.
Еліміздің батыс аумағын б. з. б. VIII ғ. мен б. з.- дың V ғ. мекендеген.
Cарматтар жөнінде жазған тарихшылар
↓
Дидор
Үлкен Плиний
Полибий
Герадот
Грек тарихшысы ГЕРАДОТ Б. з. б 490/480 - 425 ж. ш.
Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған. Савроматтар дах - массагеттер - мен, исседондармен туыстас келген.
Сарматтардың қоғамдақ құрылысы
|
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап мүлік теңсіздігі шықты
|
Әскери демократия жетілді
|
Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатымты болды
|
|
Бағалау:
Үйге тапсырма: кесте толтыру оқып келу
Күні: 16.11
10- сынып Қазақстан тарихы
Тақырыбы: «Ғұн мемлекетінің қалыптасуы .
Білімділік мақсаты: Оқушыларға ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы мағлұмат беру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттыру, Тәрбиелілік мақсаты: білімділікке, достыққа, татулыққа, тәрбие беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер, құрал - жабдықтар: электронды оқулық, слайд, плакаттар, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта, карта, шарлар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ( Сәлемдесу, түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Дұрыс па, бұрыс па? ойыны сұрақтар беріледі.
1. Қаңлылар б. з. б. 3 - 2 ғасырлар - б. з. 5 - ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс)
2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның б. з. б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы)
3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс)
4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4 - ке бөлді: Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар, Көк - Мардан ( бұрыс, 3 - ке Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар)
5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр ( бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр)
6. Қаңлы елінің билеушісі - хан, Астанасы - Битянь қаласы (дұрыс)
7. Алтын - асар, Көк - мардан, Пұшық - мардан деген қалалары болды? ( дұрыс)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақтың мақсатымен жоспары мен таныстырып өту
Жоспары:
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2. Мемлекеттік құрылымы
3. Ғұн тайпасының бірлестігі
І топ
(6 - сыныпқа арналған электронды оқулықты қосып, тыңдау) Б. з. б. 1 мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінде Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияны көптеген тайпалар мекендеген. Солардың бірі ғұн тайпасы. Қытай деректерінде ғұндар туралы б. з. б. 3 ғасырдың аяғынан бастап айтылады. Ғұн сөзі сунну, гун руң, хун ю т. б. атаулармен берілген.
Ғұндар кезеңі: б. з. б 4 ғасыр б. з 3 ғасыры аралығын қамтиды
Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету
Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі
ІІ топ
Мемлекеттің ең жоғарғы басшысы – шаньюй деп аталды. Одан кейінгі орында түменбасылар шаньюйдің жақын - туыстары тұрды. Ғұндар 24 рудан тұрған. 24 түменбасы, олардың әрбіреуінде 10 000 атты әскері болған.
ІІ топ
Ғұндардың қанша әскерлері болғанын есептеп шығарыңдар:
Жылына 3 рет ақсақалдар кеңесі болып тұрды. Б. з. б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. Сендер Ежелгі дүние тарихынан бұл туралы Ежелгі Қытайды өткенде оқыдыңдар - Қорғанның биіктігі қанша, ұзындығы қанша?
- Қорғанның үстінен қанша адам, немен жүре алады дедік?
- Жаудан қорғану үшін 60 - 100 метр сайын нелер орналастырылды?
Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі б. з. б. 2 - ғасырмен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік тұсында болды. Оның жасаған әскери реформалары арқасында Ғұн мемлекеті қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю - банды да жеңіп Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені орта ағысына дейінгі аралықты иемденді. үйсін, қаңлы, алан. т. б. тайпаларды басқарды
б. з. б. 1 - ғасырдың ортасында, яғни б. з. б 55 жылы
Ғұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б. з. б 2 ғасырдан бастап б. з. 4 - ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.
Бекіту кезеңі: Оқушылардың алдына мәтін беріледі. әрбір сөйлемді оқып, диагностика жасайды. Диагностика жасау үлгісі тақтада плакатта көрсетіліп тұрады. Білмеймін дегендерді дәптерлеріне көшіріп жазады. 2 - 3 оқушы оқып береді.
5 жол өлең құру: (слайдта көрсетіледі, мысалы)
1. Зат есім. Мемлекет
2. Зат есім+ сын есім не сан есім. Ғұн мемлекеті
3. Зат есім+ сын не сан есім+ етістік. Ғұн мемлекеті бөлінді.
4. Толық сөйлем. Ғұн мемлекеті б. з. б. 55 жылы 2 - ге бөлінді
5. Зат есімге синонимдес сөз жазу. Хандық, орда, әмірлік, республика
Бас қатырғыш сұрақтар:
1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылған. Оларды қалай атады?
2. Ғұн мемлекетінің өмір сүрген кезеңі
3. Картадан ғұндардың мекендеген жерлерін көрсет.
4. Мемлекеттің құрылымы
5. Ғұн мемлекеті қай уақытта, нешеге бөлінді?
6. Қай ханның тұсында мемлекет жерін кеңейтті, қай тайпалармен соғысты, басып алды?
Түйінді сөз
І топ Ғұн
ІІ топ Мөде
ІІІ топ Қытай
Сабақты өзіндік бағалау:
Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау
Күні:19.10
10- сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы Сақтардың мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың мәдени мұралы, «Аң стилі»,Бесшатыр қорымы, «Алтын киімді адам» туралы кеңінен мәлімет бере отырып, белсенділігі жоғары дамыған ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?
Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?
Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сақтардың мәдени мұралары
2. «Аң стилі»
«Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарынжа танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жольарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.
3. Бесшатыр қорымы.
Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады: дәліз (дромос), қабір алдына кірек ауыз және жерлеу бөлмесі.
4. «Алтын киімді адам»
Қабірден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзірге аша алмай отыр. К.Ақышевтың пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді.
:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу
-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау
Суреттерді сөйлету
Оқушыларға концептуалдық кесте тарату «мекендерін тап»
Достарыңызбен бөлісу: |