Сабақтың түрі : Аралас сабақ


Күні:11.02 Қазақстан тарихы 6- сынып



бет8/9
Дата05.01.2017
өлшемі1,93 Mb.
#6344
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күні:11.02 Қазақстан тарихы 6- сынып

Сабақ тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы


Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Қаңлылардың шаруашылығы  мен  тұрмысы жөнінде терең мағлұмат беру.

Дамытушылық:  Оқушыларды қаңлылардың шаруашылығы және тұрмысымен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан-жақты іздене білуіне, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік:  Қаңлылар тарихынан түсінік бере отырып, оқушылардың бойына  ұлтжандылық сезімін қалыптастыру.Отанымыздың мәдени мұрасын  қастерлеп, бағалай білуге,құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгерту және өздігінен оқып-үйрету

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар,Қазақстан картасы, тірек-сызбалар.

Оқытудың әдістері:  зерттеу,  «ой қозғау» стратегиясы, картамен жұмыс,  

 сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың жүру барысы:

І.  Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  «Ой қозғау» стратегиясы.

1.Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айтыңдар.

3.Қаңлылардың қоғамдық құрылысы туралы әңгімелеңдер.

4.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері орналасқан жерлерді картадан көрсет

2. «Кім шапшаң?» ойыны.

1. Қаңлылар туралы мәліметтер қай елдің деректерінде кездеседі?

                                                                       (Қытай,Шицзи,Цянь Ханьшу)

2.Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені қай жер?

                                                                   (Сырдария өзенінің орта ағысы)

3.Қаңлылар археологиялық ескерткіштері қандай мәдениеттерге бөлінеді?

                                                        (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)

4.Ақтөбе қонысы қай мәдениеттің ескерткішіне жатады?

                                                                         (Қауыншы)

    5.Қаңлы елін кім биледі?

                                                                             (Ұлы хан)

6.Қаңлы елінде құлдық қалай пайда болды?

                                                      (Соғыстан түскен тұтқындардан)

3.Жаңа сабақты меңгерту.

        Жоспар:

1.Егіншілік.

2.Мал шаруашылығы мен кәсіпшілігі.

3. Металл өндірісі.

4. Сауда қатынастары.

I. Тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.

                              Егіншілік

 

                              қоныстары



Арал өңірі                                             Ташкент алқабы 

                       егістік  аңғарлары

 

                  Сырдария өңірінде 



           дәнді және бау-бақша өсірілді

                         егістік  арықтары

 

Зах арығы                                    Ханарық арығы 



(Шыршық өзенінің

оң жағалауының 

20 шақырым орналасқан)

 

                     Қаңлылардың маңызды шаруашылығы



                                           Төрт  түлік мал өсіру

                                                     Кәсіптері 

 

Аң аулау                                  балық аулау                           құс аулау 



                                 Жүн өңдеу, құмыра жасау

 

                                          Металл өндірісі



Темір ұсталығы                     қола құю                      зергерлік

                              Металл өндірісінің орталығы

Шаш-Илақ                                                         Ежелгі  Құлата қаласы

Аймағы                                 

                                       Сауда қатынастары

                                          Ұлы Жібек жолы

Сырдария      алқабы                                                                                                  

Б.з.б 4ғ. Әр түрлі 1300 –дей теңге табылды.

Отырар алқабы

Мардан қорымынан Қытай теңгелері табылды  б.з.б 2ғ.

4. Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары.

 1. Кестемен жұмыс.

                           Қаңлылардың шеберлері

Темірден                                                     балта, шот, кетпен,ат абзелдері

 мыс                                                                           Орақ, пышақ, біз

қоладан                                                               шеге, қазан,айна,қару-жарақ

сүйектен                                   қын жасаған, жұмырлағыш, түйме

зергерлер                алтын,күміс                       білезік, сырға,сақина

                               асыл тастар                           алқа, моншақ,қаптырма

 

 



Қаңлылар сауда байланысы           Жасаған елдер

 

3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары.



1.Қаңылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алады?

а/ 600мың   ә/120мың   б/ 300мың в/80мың г/210мың

2. Қаңлы бірлестігінің территориясын  белгіле

а/Ертіс бойы  ә/Ыстық көл жағалауы  б/Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағасына дейін     в/Жетісу г/ Еділ бойынан Сырдарияға дейін

3.Қаңлы елінің билеушісі кім?

а/Гуньмо  ә/Ұлы хан б/ уәзір в/ сұлтан г/ кіші хан

4. Қаңлы елінің астанасы                                                  

       а/ Жетіасар ә/ Көк-Мардан б/Битьян в/Қостөбе г/ Пұшық- Мардан

5. Қаңлылардың негізгі шаруашылыққа қосымша айналысқан кәсібі

а/ мал шаруашылығы       ә/ егіншілік б/ металл өндіру в/ аң аулау г/ сауда

6. Сырдария аймағынан қаңлылардың қанша теңгесі табылды?

а/ 1300 ә/ 3120 б/210 в/310 г/ 1200

Кілті: 1ә.2б.3ә. 4б. 5а.

4. Жылдам жауап.

Сұрақтар:

1.Қаңлылар Шыршық оң жағалауынан қандай арық қазды?

                                                                                             (Зах)   

2. Егісті суарудың қандай тәсілі  көп қолданды? (көлдете жайып суару тәсілі)

3. Қандай мал өсірген? (Төрт түлік мал)

4. Қаңлы қыстаулары қай аймақта болған?  (Сырдария жағасында)

5.Қазіргі уақытта қаңлылардың қанша теңге табылды? (1300)

6.Қаңлы елі неше бөлікке бөлінді? (бес)

7. Қаңлы тайпаларының негізгі кәсіптері: ( аң аулау, балық аулау, құс аулау)

8.Қаңлыларда сауданың қандай түрлері дамыған? ( ішкі ж/е сыртқы)

4. Топтастыру стратегиясы.

5. Ой қорыту.

1. Біз қаңлылардың қай кезеңдегі тарихымен таныстық?

2. Қаңлылардың шаруашылығы мен  негізгі кәсіптері туралы айтып беріңдер.

3.Қаңлы тарихы жөнінде қандай қорытындыға келдіңдер?

Үйге тапсырма: Қаңлылардың шаруашылығы туралы  мәтін жазба жазып келу.

Тест құрап келу.

Оқушыларды бағалау

Күні:9.02

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

Тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қаңлылар елінде жан – жақты дамыған егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қала мәдениеті, көп салалы қолөнерлер, сауда қатынастары болғандығын ашып көрсету.
Дамытушылық: сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізе отырып, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің ащы тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ой толғау, баяндау, миға шабуыл, ізденіс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабаққа керекті құрал - жабдықтарын дайындау.
4. Топқа бөлу.
1 – топ – «Алғырлар»
2 – топ – «Тапқырлар»
3 – топ – «Білгірлер»
II. Үй тапсырмасын сұрау. Ой толғау.
1. Қаңлылар туралы қай деректерде бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылардың мекендеген жерін атап, картадан көрсету.
3. Қаңлылар туралы көп деректер қай елдің деректерінде кездеседі?
4. Қаңлы елін кім биледі?
5. Қаңлы елі неше бөлікке бөлінеді.
6. Көкмардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет берді?
III. Жаңа сабақ жоспары: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Мағынаны тану.
1. Қаңлылардың шаруашылығы.
2. Металл өндірісі
3. Сауда қатынастары.
4. Мәдениеті және діни нанымдары
а. Қаңлылардың егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы ерекшеліктерін баяндау;
ә. Металл өндіру тәсілдерін баяндау.
б. Қаңлылардың шет елдермен сауда байланысы болғандығы туралы баяндау;
в. Қаңлылардағы мәдениет жақсы дамыған түрлерін баяндау.

IV. Топпен жұмыс.


І топпен жұмыс. Оқушылары тақырыпты қарап сызба құрады.
1. Егіншілік
Қазақстанның оңтүстігінде Егін, Қолөнер, Мал, Аңшылық Сауда – саттық кәсіптері дамыды
Арал, Ташкент – отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасты.
Сырдария аңғарларында – дәнді бау – бақша дақылдары өсірілді.
Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.
Егін алқаптарын суару үшін
Зах арығы – оң жағалауы
Хан арығы – сол жағалауы
Егіншілік түрі басым болған. Астық, Қыш көзелер, Ыдыстар сақталынды
ІІ топпен жұмыс:
Мал шаруашылығы мен кәсібі.
Мал шаруашылығында – жылқы, қой, ешкі, сиыр өсірді. Малдарын жаздық жайылымға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан болған.
Қазба жұмыстары кезінде археологтар қаңлылар қоныстарынан елік, тауешкі, арқар, киік сияқты жабайы аңдардың сүйектері жиі кездескен.
Қосымша аң аулау кәсібімен айналысты. Сонымен қатар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен шұғылданған. Әйелдер арасында жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.

ІІІ топпен жұмыс:


Металл өндірісі

● Темір ұсталығы
● Қола құю зергерлігі
Металл өндірісінің орталығы Шаш – Илақ қалалар мен қоныстар болды. Металл өндірудің ірі орталығы ежелгі Құлата қаласы. Бұл орталық 50 га жерді алып жатыр.
Кенді балқыту, байыту үшін дөңгелек және төртбұрышты пештер пайдаланған

Қорытындылау : Бағалау:

Үйге тапсырма: § 19 Қаңылылар қосымша матераил.

Күні:14.11

10-сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10. Үйсін Қаңлылы мемлекеті.

Сабақтың мақсаты:


  • Егін шаруашылығы жақсы дамыған қаңлылардың металл өндірісі, сауда қатынастары, мәдениеті мен діни нанымдары туралы баяндай отырып, отансүйгіш, мәдениетті азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.

Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.

Ғұндардың әскері

Ғұндардың негізін қалаушы Мөде туралы не білеміз

Қоғамдық құрылысы

Ғұндар шаруашылығы

ІІІ Жаңа сабақ



  • Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

  • Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.

  • Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?

  • Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

  1. Егіншілік

  2. Мал шарушылығы мен кәсіпшілігі

  3. Металл өндірісі

  4. Сауда қатынастыры

  • Қаңлылар Ұлы Жібек жолының аса маңызды орталық бөлігінде қоныстанды. Олар Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.

  1. Мәдениеті мен діни нанымдары

  • Қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды. Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған.


Орналасқан жері

Деректер

шаруашылығы

Археологиялық ескерткішетр

Негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Арыс,Талас жағалауларында өмір сүргендігі айтылады.Қаңылы мемлекетінің шекарасы Ташкент аймағы, Қаратау бөктерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.

Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған

Мал өсіру мен айналысты үй малдарының барлық түрлерін өсірген.Метал игеру жақсы дамыды.Егін егу шаруашылығы.Дәнді және бау-бақшадақылдары өсірді

Қауыншы мәдениеті

Отырар –қаратау мәдениеті

Жетіасар мәдениеіт.

Сабақты бекіту:



  1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?

  2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Қаңл. мал шару. егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпш. айналысқан?

  4. Қаңл. шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрс-і ата.

  5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 10. «Биші бикеш» қосымша матераил.




Орналасқан жері

Деректер

шаруашылығы

Археологиялық ескерткішетр













6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §20. Ғұндар тарихының ерте кезеңі

Сабақтың мақсаты:

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуығын негізін қалаушы ғұн мемлекетінің тарихы, құрылымы туралы баяндай отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, белсендігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?

  2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Қаңлылар мал шаруашылығы, егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпшілікпен айналысқан?

  4. Қаңлылардың шет елдермен сауа байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.

  5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі

  • Б.з.б. 1мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн», атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен тберілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған.

  1. Ғұндар мемлекетінің құрылымы

  • Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» мдеп жазылған.

  1. Ғұн тайпаларының бірлестігі

  • Б.з.б. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болыпекіге бөлінді.

  • Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды.

Сабақты бекіту:

  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.

  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.

  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 20. «Қытай төресінің кеңесі», тест тапсырмаларын шешу.




Күні:23.02 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 21. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

Сабақтың мақсаты:

Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету.

Белсенді, ізденімпаз, жан-жақты білімді ащзамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.

  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.

  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

  • Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

  1. Ғұн жорықтарының маңызы.

  • Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген.

  • Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.

  1. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.

  • 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».

Сабақты бекіту:

  1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.

  3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.

  4. Ғұн жорықтарының маңызыы.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §21. Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастырыңдар.»



Күні:25.02

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §22. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Тарихшы ғалымдардың деректерін келтіре отырып, ғұналрдың тұрмысы мен шаруашылығынан мол мағлұмат беру. Белсенділігі жоғары білімді, шыдамды, адамге Әдісі: интерактивті



Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



  • ршілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

қты бекіту:



  1. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?

  2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.

  3. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде.

  4. Б.з.б. 209 жылы Орталық Азиядағы ғұндарды Мөде басқарды.и Б.з.-дың 445 жылы ғұндардың басшысы Аттила болы. Бұл екі оқиғаның арасында қанша жыл өтті?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғұндардың тұрмысы

  • Ғұндар

  • Негізінен мал шаруашылығымен айналысты

  • Аң аулаумен шұғылданды

  • Егіншілікпен де шұғылданды

  • Киіз үйде тұрды.

  1. Қоғамдық құрылысы

  2. Ғұндардың мәдениеті

  • «полихромдық стиль»

Сабақты бекіту: Оқулықтағы материалдарды пайдаланып, Сыма Цянь, Аммиан Марцеллин, Приисктің ғұндар туралы айтқандарын салыстыр.

  1. Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

  2. Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер.

  3. Ғұндардың билеушісі қалай билік жүргізген?

  4. Ғұндардың мәдениеті жөнінде әңгіме құрастыр.

Бағалау: Үйге тапсырма: §22. Киіз үй туралы көлемді әңгіме құрастыр, іздену жұмыстарын жаса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет