Қазақ тілі 4 класс. Атамұра.
№ 1. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты: 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс 1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтіннен хабарлы,лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.)б) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.
2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады?
Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады.
1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді)
5-жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын мен айырмашылығын дәлелде.)
6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді.Қаз қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б
IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.
V.Үйге тапсырма: 3- жаттығу 4-бет. VІ. Оқушыларды бағалау
№ 2 Тақырыбы: Сөйлем мүшелері және олардың байланысы
Мақсаты: сөйлем мүшелері туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3-жаттығуды тексеру ІІІ. Білімді тексеру: 1)Ақ түйе боталады.2)Сәуле киім үтіктеді.3)Ара гүлге қонды.4)Бүгін күн жылынды.
IV Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерді жайылма сөздерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар Балалар балық аулады.т.б Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырыңдар Айару келді.Жаңбыр жауды.т.б
ә) оқулықпен жұмыс 7-жаттығуды(терең ойлау тапсырмасы) Жайылма сөйлемдерді оқы.Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып,төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.(оқушылар атақты шопанмен кездесті.) б) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.
8-жаттығу в) Сергіту жаттығуы Рбусты дұрыс шешсең,мақал шығады.(Ерді намыс өлтірер.Жайылма сөйлем
9-жаттығуСызбаны толықтыр. Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
11- жаттығу ауызша орындау(Терең ойлау тапсырмасы) жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады? 1) себет жалаң сөлем/Жаңбыр жауды./ 2)себет жайылма сөлем /Лаура кітапханаға ткелді.1,2,3,4сөйлдерді саламыз/
13- жаттығу1)Мақалды түсініп оқы.2)Мақалды сөйлем мүшесіне талда.3) Сөйлем мүшелерінің байланысын тап. Ағынды су арнасын табады.
VI. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Тұрлаулы мүшені атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
VII Үйге тапсырма: 12- жаттығу 6-бет. VІІІ Оқушыларды бағалау
№ 3 Тақырыбы: Шығарма
Мақсаты: оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту. 3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ.Жаңа сабақ: Шығарма «Менің жазғы демалысым» тақырыбында оқушылар өздерінің жазғы демалыста қандай кітаптар оқығанын, қандай жерлерге демалуға барғандарын, қандай сәттерді, қызықты оқиғаларды бастан кешкендері жөнінде осы шығарма арқылы баяндайды.
ІҮ Қорытындылау Шығарма дәптерлерін жинап аламын. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Ү Үйге тапсырма: Ойтолғау «Менің арманым» . ҮІ Оқушыларды бағалау
№ 4 Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Мақсаты оқушыларға сөз жән оның мағынасы жайлы толық мағлұмат бере отырып түсінік беру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі:қалыпты сабақСабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығуды тексеру. Бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жеріне сызықша қою? Абай қазақ халқының ұлы- ақыны. Күләш қазақ халқының бұлбұл- әншісі.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2)Сөздің мағынасы ашу..ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш жаздырту.
19-жаттығудағы Кестеге қарап, білезік сөзі туралы не айта аласың?Білезік әшекей бұйым. Білезікті қыз – келіншектер, әжелер, апалар тағады. Білезік күмістен, алтыннан жасалады. Күміс білезік тағып жүрсе көп ауырмайды деген ұғым бар.
20-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Сабақ сөзі қандай мағыналарда жұмсалатынын айтып түсіндіру.Сабақ сөзін оқушылар білім алу деп түсінеді. Сабақ оқу оқушыға үлкен міндет болып табылады. Сабақ оқымаған оқушы болашақта үлкен армандарына қол жеткізе алмайды.
22-жаттығудағы өлеңдегі қарамен жазылған бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәолелде. Бұрыш сөзі бірінші мағынасында тамаққа қосылатын бұыршты білдіріп тұр, екінші мағынасында үйдің бұрышын білдіріп тұр.
23-жаттығу. «Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздер тобы қандай мағына береді?Топталып бір мағына беретін тағы қандай сөздер тобын білесің?Дұшпан сөзінің мәндес сөздерін тауып, неліктен мәндес екенін дәлелде? Қарамен жазылған сөздер тобы тойтарыс берген сөзі. Бұл сөз жеңіске жету, жауын қарсы тұру деген мағынаны білдіріп тұр. Топталып бір мағына беретін сөздер Сымбатты сөзін алсақ болады. Ол ару, әсем, сұлу сөздерінің мағынасы болып табылады.Дұшпан сөзіне мәндес сөздер жау деп алсақ болады.
24-жаттығу Кестені толтыр.
Мағынасы мәндес сөздер
|
Мағынасы қарама- қарсы сөздер
|
Дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздер.
|
Сұлу, ару, әсем, көрікті
|
Ұзын-қысқа,аласа-биік
|
Ара,бас,көз.
|
ҮІ Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.ҮІІ Үйге тапсырма: 21-жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жаз. Мағынасы қаама- қарсы сөздердің астын сыз. ҮІІІ Оқушыларды бағалау
№5. Тақырыбы: Сөз және оның құрамы.
Мақсаты: оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 21-жаттығуды тексеру. Жұмбақтың шешуі Мысық. Қарама- қарсы сөздер күн бойы, түн бойы. ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздің құрамына не жатады? 3) көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс а) өткенді еске түсіру Сөздер қандай мағыналары бар? Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі қандай сөздерді білесіңдер? Мағыналары қарама-қарсы сөздер ше? Мағыналары жуық сөздерді білесің бе?
ә) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға В в В в вагон жаздырту.
25-жаттығуды Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата, сөздің қандай бөліктері қарамен берілгенін анықта? Дәурен-нің,күй-ші, кітап-хана,арыстан-дар.одан әрі бөлінбейтін бөлігі; Дәрен, күй,кітап, арыстан.нің, ші,хана, дар бөліктері қосымша.
26-жаттығу Сызбаға қара. Оны толтыр.
27-жаттығудағы Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Қай сөзде бір ғана қосымша, қай сөзде екі қосымша бар кенін анықта. Өзің қалаған екі-үш сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
28-жаттығу Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың қайсысын жалғауға болады. Түбір сөздердің мағыналары жұрнақ жалғанғанда қалай өзгеред? Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жаз.
ҮІ Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздің құрамы деп нені айтамыз? Сөздің түбіріндегі соңғы әріп өзгеретін мысал келтір?
ҮІІ Үйге тапсырма: 29-жаттығудағы Сендердің алдарыңда- қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін қалай баратыныңды түсіндір.Керекті сөз топтары: мектептен шығамын, көшеден өтемін, стадионға келемін.Құраған әңгімеңді жаз. Жалғаулардың стын сыз.ҮІІІ Оқушыларды бағалау
№ 6. Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы
Мақсаты: сөздердегі я, ю әріптерінің ерекшеліктерін, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру : 29-жаттығудағы Сендердің алдарыңда- қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін қалай баратыныңды түсіндір.Керекті сөз топтары: мектептен шығамын, көшеден өтемін, стадионға келемін.Құраған әңгімелерін оқытамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 1. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс естіледі? Аю сөзінде ше? Я және ю қанда дыбыс болып есептелінеді?
2.Я және ю дыбыстары ездесетін сөздерді айту. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ғ ғ Ғ ғ Ғалия 36-жаттығуды Өлеңнен в әрпі бар сөздерді теріп жаз. Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап ал. «Сөздерді жина» ойыны: «Шахтада» тақырыбы бойыншы құрамында в, х,ф,э әріптері бар сөзреді жинақта.
37-жаттығу Көп нүктенің орнына э,ф,х,ц әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Экватор жер шарының белдігі.Райхан әжесіне хат жазды. Фатима тігін фабрикасында жұмыс істейді.Циркте қонжықтардың өнерін тамашаладық.
39-жаттығудағы суреттерге қара. Қай ертегіден? Білгішбек, ертегі неліктен «Қарлығаштың
ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ Үйге тапсырма: 38- жаттығу Ребусты шешіп келеміз. ҮІІІ Оқушыларды бағалау
№7. Тақырыбы: Сөз таптары Зат есім.
Мақсаты: сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 38-жаттығудағы Ребустың шешуін таптық па?Дәптерлерінен тексеріп шығамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып 40-жаттығудағы сөздерді талдау.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой?Әр топтағы сөздерге қойылатын сұрақтың әр басқа болуы неліктен деп ойлайсың?Сызба бойынша сөз таптары туралы білетініңді айт. Анықтаманы еске түсіру. Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?
Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?
Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш.
Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс.
Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 41-жаттығудағы Кестені толықтыр.
Зат есім
|
Жалқы есім
...
Баянауыл
...
|
Жалпы есім
Адам
...
өзен
|
Негізгі зат есім
Көл
...
орын
|
Туынды
Зат есім
...
Достық
...
|
42-жаттығу Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз. Мысалы: Кітаптың беті, жаңбырдың суы, қуыршақтың көйлегі, бөлменің ауасы.43-жаттығуды Өлеңді мәнрлеп оқы.Тәуелдеулі зат есмідерді тап.
ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІ Үйге тапсырма: 44-жаттығу Ребусты дәптерлеріңе жазып шешімін тап?Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелдеп жаз. ҮІІІ Оқушыларды бағалау
№8 Тақырыбы: Етістік.Сын есім.
Сабақтың мақсаты: етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістіктің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 44-жаттығу Ребустың шешуін дәптерлерінен тексеру.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз – заттың не құбылыстың қимылын білдіретін сөздер) Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтты?) Сын есім дегеніміз не? ӨҚандай сұрақтарға жауап береді.
Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 45- Сызбаны пайдаланып, етсітік туралы білетініңді айт.
Беретін мағынасы
|
|
Қандай сұраққа жауап беретіндігі
|
Тұлғасына қарай түрлері (негізгі, туынды)
|
Құрамына қарай түрлері (дара, күрделі)
|
Іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай түрлері (болымды, болымсыз)
|
46-жаттығуды Зат есім туралы біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.Бұлар зат есімдер. Әркімнің өз жеті атасы болады. Ол жеті ата адам аттары. Зат есім ішінде жалқы есімге жатады. 47- жаттығуды Жұмбақты оқып, жатқа жаз.
Аузымен сурет салады, Демімен ағаш жарады.
Етістіктердің астын сыз, дара немесе күрделі кенін айт. Осы етістіктерді күрделі етістікке айналдыр. Етістік салады, жарады.Бұл етістіктер дара етістік.Күрделі етістікке айналдырғанда.Аузымен сурет салатын болыпты.Демімен ағаш жарады екен.
48-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Туынды етістіктерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
49-жаттығу Зат есімді етістікпен сәйкестендіріп, сөйлем құрап жаз.Етістік қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.Адам жүреді.Ат шабады.Қарлығаш ұшады. Бақа секіреді.Жылан жылжыйды.Балық жүзеді.Етістік сөйлем мүшесінің баяндауыш қызметін атқарып тұр. 50- жаттығу Сызбаға қатысты етістіктерді тауып, әңгіме құрап жаз.
Ана тілі 4 класс (Атамұра)
С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.
І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері
№1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан.
Мақсаты: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.
2. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.
Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?
ертегі
аңыз
Халық ауыз
әдебиеті
Батырлар жыры
айтыс
Бесік жыры
жаңылтпаш
Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
4. оқулықпен жұмыс.Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с
сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен – бұл жерде: көмек.
Тобасы – бұл жерде: тілегі.
Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамықты, түңілді.»
Достарыңызбен бөлісу: |