Тақырыбы: Кинематика. Механикалық қозғалыстың сипаттамалары. Қозғалыс түрлері.
Құзіреттілік.
Ақпараттық: Механика бөлімінің мазмұны мен құрылымын, қозғалыс түрлсрі мен қозғалыс теңдеуі туралы ұғымын беру.
Коммуникативтік: Механикалық қозғалыстың сипаттамаларын меңгеру.
Мәселелерді шешу: Қозғалыс түрлерін анықтау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникативтік технология.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
Сабақтың құрылымы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II. Студенттерді жаңа материалды игеруге бейімдеу.
III. Жаңа тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
1.Механика бөлімінің мазмұны және құрылымы.
2 Механикалық қозғалыстың түрлері мен теңдеуі.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
V. Үй тапсырмасын белгілеу.
Әдістемелік нұсқау: Дене қозғалысының сипаттамасы мен қозғалыс теңдеуінің түрі санақ жүйесін таңдап алуға байланысты.
Механика бөлімінің мазмұны және құрылымы. Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.
Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.
Кинематиканың негізгі ұғымдары
Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Бала – мектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Бала – ертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.
Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады.
Механикалық қозғалыстың негізгі қасиеті – оның салыстырмалылығы. Дене қозғалысының сипаттамасы мен қозғалыс теңдеуінің түрі санақ жүйесін таңдап алуға байланысты.
Орын ауыстыру векторы – нүктенің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын вектор.
Траектория дегеніміз – дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелерінің жиынтығы.
Механикалық қозғалысты түрліше тәсілдермен сипаттауға болады:
-
Координаталық тәсіл.
Материялық нүктенің қозғалысы координаталардың уақытқа тәуелділігін білдіретін функциялармен беріледі:
Координаталардың уақытқа мұндай тәуелділіктері қозғалыс заңы деп аталады. Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс жағдайында ол мына түрде беріледі, ал түзусызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыс жағдайында:
-
Векторлық тәсіл.
Нүктенің кеңістіктегі орны координаталардың бас нүктесінен жүргізілген және қозғалыстағы радиус вектормен анықталады. Мысалы: көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
-
Қисық сызықты координаталар әдісі.
Берілген траекторияда (мысалы, поездың, автомобильдің қозғалысы) дененің координатасын емес, оның жүріп өткен жолын есептеген ыңғайлы, осылайша оның координатасы анықталады.
Орын ауыстыру векторы - , жолдың ұзындығы – S, бірақ мынаны ескеру керек:
, , , сонда
,
,
Механикалық қозғалыстың түрлері мен теңдеуі.
-
Материялық нүктенің бірқалыпты түзусызықты қозғалысы,
-
Материялық нүктенің бірқалыпты үдемелі түзусызықты қозғалысы,
Бақылау сұрақтары:
1.Механика бөлімі нені зерттейді?
2.Кинематика бөлімі нені зерттейді?
3.Кинематиканың негізгі ұғымдары қандай?
4.Механикалық қозғалысты сипаттайтын негізгі тәсілдер қандай?
5.Механикалық қозғалыстың түрлері қандай?
Үйге тапсырма: тарауды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |