Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру,кубизм



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі354,24 Kb.
#5484
түріСабақ
  1   2   3
Сыныбы: 7 «б»

Пәні: Қазақ тілі

Сағат саны: 1

Тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар

Мақсаты:

а) білімділік:

ә) дамытушылық:

б) тәрбиелік:

Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;

Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру,кубизм

Пәнаралақ байланыс: Қазақ тілі, ән-күй

Көрнекілігі: Слайд, топшама, домбыра

Ұйымдастыру бөлімі:


  • Оқушыларды түгендеймін;

  • Сабаққа дайындығын тексеремін.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан 116-беттегі 3-тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар қоямын.



Өткен тақырыпты бекіту:

Өткен тақырыпты сөзжұмбақ арқылы бекітіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.



Жаңа сабақты түсіндіру:

Сұрақ-жауап.

  1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?

  2. Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер?

  3. Күй дегеніміз не?

  4. Қандай күйлерді білесіздер?

Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқабөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады.Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.
Аспаптар

Анықтамасы


Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.


Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет