Сыныбы: 7 «б»
Пәні: Қазақ тілі
Сағат саны: 1
Тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар
Мақсаты:
а) білімділік:
ә) дамытушылық:
б) тәрбиелік:
Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру,кубизм
Пәнаралақ байланыс: Қазақ тілі, ән-күй
Көрнекілігі: Слайд, топшама, домбыра
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеймін;
Сабаққа дайындығын тексеремін.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан 116-беттегі 3-тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар қоямын.
Өткен тақырыпты бекіту:
Өткен тақырыпты сөзжұмбақ арқылы бекітіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Сұрақ-жауап.
Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?
Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер?
Күй дегеніміз не?
Қандай күйлерді білесіздер?
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқабөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады.Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.
Аспаптар
Анықтамасы
Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.
Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.
Достарыңызбен бөлісу: |