Сабақтың түрі: дәріс Студент білу керек



бет11/24
Дата12.12.2021
өлшемі417,2 Kb.
#99707
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
3 МС А№4 лекц

Қарау (инспекция)

Қарау ең қарапайым методтардың қатарына жатады. Оның диагностикалық мүмкіншілігін тек дұрыс пайдалана білгенде ғана анықтауға болады. Ол қарау кезінде төмендегідей ережелерді мұқият сақтау қажет:



  • ауруды күннің жарық мезгілінде қарау керек. Себебі жасанды жарықта аурудың кейбір белгілері байқалмайды, ал кейбір белгілердің түсі өзгеше болып көрінеді. Егер күн жарығын пайдалануға мүмкіншілік жоқ болса, оған күн жарығын (ақ жарық) беретін электр шамын қолданады. Ауруға жарық қарсы және бүйірінен түсіп тұру қажет.

  • ауру толық шешініп, дәрігер алдында 2-3 м қашықтықта тұру қажет. Жарық сәулесін тура және жанынан түсіріп отырып,ауруды толық жан-жақты қарап шығады.

  • қарауды бір ретпен (жүйелілікпен) жүргізу керек.

Қарау тәсілі жалпы қарау және әр мүшені қарау болып екіге бөлінеді.

Жалпы қарауда науқас адамның:



  • санасын

  • төсектегі қалпын

  • жалпы пішінін (келбетін) (habitus)

  • сырт жамылға келбетін (тері мен көрініп тұрған кілегей қабықтарды) анықтайды.

Ауруды мүшелеп қарағанда қолданатын жүйелілік төмендегідей:

  • басты қарау

  • бетті қарау

  • ауыз ішін қарау

  • мойынды қарау

  • кеудені қарау

  • қол-аяқты қарау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет