Аурудың сана-сезім (есі) күйі
Ауру адамның санасы (есі) көптеген ауруда бұзылмайды. Сана бұзылуының екі түрі бар:
сананың депрессивті бұзылуы ( лат. depressio-төмендеу, бәсеңдеу) бұзылуы;
сананың ирритативті (лат.irritatio –қозу, қобалжу, тынышсыздану) бұзылуы.
Сананың депрессивті бұзылу түрлеріне:
ступор (лат.stupor –есеңгіреу, мелшиіп қатып қалу)
сопор (лат.sopor –ұйқы)
кома (лат.koma –терең ұйқы) жатады.
Ступор не есеңгіреуде науқас алдам айналасындағы құбылысты жөнді айырып білмейді, қойған сұрақтарға кешігіп жауап береді, мелшиіп қатып қалған белгі көрсетеді. Ступор контузияда (лат. жалпы жарақаттану; басты соғып алу), уланғанда т.б. жағдайларда кездеседі.
Сопор не терең ұйқыдағы жағдай. Науқас адамды қатты дауыспен, не жұлқылап оятуға болады. Бірақ ол сол бойда тағы да ұйқыға кетеді. Сана бұзылуының бұл түрі қатаң жұқпалы ауруларды (сүзектерде) және диабеттік, уремиялық және бауыр комасының бастамасында кездеседі.
Кома деп науқастың ессіз күйін айтады. Кома қан диабетінде (диабеттік және гипоглекимиялық кома), уремияда (гр.ur (on) несеп-haima қан-несепқан),бауыр функциясының бұзылғанында (бауыр комасы), қатты уланғанда (морфиймен, ұйқы дәрілерімен, алкогольмен, көміртегі шала тотығымен т.б.), жұқпалы ауруларда, бас миы ауруларында (миға қан құйылу, мидың жарақаттануы, мидың ісігі), анемия және эпилепсияда (гр.epilepsia –талма) кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |