Сабақтың түрі: дәріс Студент білу керек


Адамның өзін ұстау келбеті



бет15/24
Дата12.12.2021
өлшемі417,2 Kb.
#99707
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
3 МС А№4 лекц

Адамның өзін ұстау келбеті организмнің жалпы тонусын (лат.tonus- ширақтық, күштену) сипаттайды. Сау адамға денені тік ұстау мен серпінді де екпінді жүріс тән. Жүрістің бұзылуының неше түрі неврологияда кездеседі. Терапияда жүрістің бұзылуы (мардымсыз жүріс) полиартриттерде кездеседі.

Күйлілік жағдай деп тері асты шел мен бұлшықеттерінің даму дәрежесін айтады. Күйлілікті анықтайтын екі тәсіл бар. Бірінші –қабырға асты тұсында екі саусақтың арасына алынған тері мен шелдің қалыңдығы қалыпты жағдайда 2 см шамасында болады. Екінші тәсіл- белгілі жағдайларды сақтап (ашқарынға, ішек пен қуықты босатқаннан кейін, киімді шешіп), таразымен өлшенген адам денесінің массасын (салмағын) тиісті массамен салыстыру. Тиісті массаны анықтау үшін см-мен өлшенген бой ұзындығынан -100 санын алу керек.

Күйліліктің бұзылу түрлері арықтау мен семіру. Арықтау (не азу):

1.созылмалы қызу болатын жұқпалы ауруларда ;

2.асқорту мүшелерінің ауруларында (қылтамақ, қарын жарасы, панкреатит, энтерит);

3.зат алмасу бұзылғанда (қант диабеті);

4.уланғанда (қатерлі ісік, туберкулез, бауыр циррозы);

5.ішкі секреция бездерінің ауруларында (Симондс ауруы, Аддисон ауруы, Базед ауруы);

6.психикалық ауруларда (психогендік анорекция) кездеседі.

Арықтаудың титығына жеткен түрін какехсия деп атайды.

Семіру негізінен эндокриндік ауруларда (Иценко-Кушинг ауруы мен синдромы, микседема т.б.) және тамақты көп ішіп, аз қимыл жасағаннан болады (алиментарлық семіру).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет