Терінің көгеруі(цианоз). Цианоздың негізгі механизмі қанда көгілдір түсті редукцияланған гемоглабиннің көбеюі. Тері көгеруінің негізгі себептері:
дем алу (тыныс алу) мүшелерінің ауруы;
жүрек-тамыр аурулары;
қанның қан улануларымен улануы.
Тері мен кілегей қабықтардың сарғаюы. Патологиялық жағдайларда тері сарғаюының негізгі себептері:
өт жолдарының тығындалуы
бауыр клеткаларының жарақаттануы
эритроциттер гемолизі. Патологиялық тері сарғаюы теріге билирубин жиналғаннан болады.
Тері бөртпелері
Эритема –терінің шағым көлемінің қызаруы. Эритема тері асты капилляр тамырлардың кеңуінен пайда болады. Кейде терінің қызарған жері тері деңгейінен аздап көтеріңкі де болуы мүмкін (тілмеде кездеседі, қызарған жері сипағанда ауырып тұрады).
Алиментарлық эритема- кейбір тағамдарға сезімталдықтың ерекше күшейгенінен болады (шаян етіне, уылдырыққа, сүзбеге, шоколадқа, жұмыртқаға т.б.).
Медикаментоздық эритема –кейбір дәрілер әсерінен болады (сезімталдық артқаннан): опий, артопин, сульфаналамидтер, антибиотиктер т.б.
Инфекциялық эритема- кейбір жұқпалы ауруларға тән: сепсис, қызамық (скарлатина), тілме(рожа).
Достарыңызбен бөлісу: |