Аурудың жалпы кейпі
Жалпы кейпі деген ұғымға аурудың:
дене құрылысы және конституциясы;
өзін ұстау келбеті;
күйлілігі (семізділік) жатады.
Дене бітімі дұрыс (келісті) және келіссіз (оғаш) болып екіге бөлінеді. Деформациясы (лат.detormatio –бұрмалау, қате) жоқ, мүшелерінің өзара мөлшерлік қатынасы сақталған дене дұрыс не пропорциональды дене деп аталады. Мүшелердің өзара мөлшерлік қатынасы сақталмаған және мүшелерінің деформациясы бар дене келіссіз не пропорциональсыз дене деп аталады.
Тұқым қуалаушылық пен өмір сүру ортасының әсерінен туған организмнің функциялық және морфологиялық белгілерінің жиынын конституция деп атайды. М.В. Черноругкий классификациясына сәйкес конституцияның 3 түрі болады:
нормостениялық
гиперстениялық
астениялық
Достарыңызбен бөлісу: |