Сабақтың түрі: дәріс Студент білу керек


Саусаққа-саусақ перкуссиясының методикасы



бет22/24
Дата12.12.2021
өлшемі417,2 Kb.
#99707
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3 МС А№4 лекц

Саусаққа-саусақ перкуссиясының методикасы

  • Плессиметр саусақты ұзына бойына перкуссия жасайтын мүшенің үстіне тығыз орналастырады. Сол қолдың басқа саусақтары плессиметрге және науқас денесіне тиіп тұрмауы керек.

  • Балға саусақтың соққысы плессиметрдің ортаңғы не шеткі фалангасына 2-3 рет тұрақты ырғақпен перпендикулярлі түсуі керек.

  • Перкуссиялық соққы (қағу) тек білезік буынның қимылы арқылы іске асырылуы керек.

  • Перкуссиялық соққы қысқа болу керек. Ол .шін перкуссиялық соққыдан кейін балға саусақты плессиметрден тез алып кету керек.

  • Әр перкуссиялық соққының күші бірдей болу керек.

  • Қойған мақсатына қарай күшті, не терең және жай (әлсіз, не тайыз) перкуссия болады. Күшті перкуссияда қағуға белгілі бір күш салынады, ал, жай перкуссияда қағудан пайда болған дыбыс әрең-әрең естілетін болу керек.

Топографиялық перкуссияның мақсаты- әртүрлі органның шегін, мөлшерін және конфиргурациясын анықтау. Топографиялық перкуссия әр мүшенің әр түрлі перкуссиялық дыбыс беретініне негізделген.

Салыстырмалы перкуссияның мақсаты-мүшелерде патологиялық өзгерістерді (элементтерді,орындарды) табу. Дененің сииметриялық нүктесінде перкуссиялық дыбыстың да бірдей болатыны-салыстырмалы перкуссияның негізі. Жалпы салыстырмалы перкуссия тек өкпені зерртеу үшін пайдаланылады. Топографиялық және салыстырмалы перкуссияның өзіндік ережелері бар.

Топоргафиялық перкуссияның жалпы ережелері:



  • Перкуссияны анық дыбыстан жай дыбысқа қарай жүргізі керек, айқын дыбыстың жай дыбысқа ауысуы, әлсіз дыбыстың айқын дыбысқа ауысқанынан тезірек байқалады.

  • Плессиметр саусақты анықтайтын шекараға паралель қою керек.

  • Плессиметрдің анықтайтын шекараға қарай қозғалыс бағыты сол шекараға перпендикуляр болуы керек.

  • Топографиялық перкуссияда жай перкуссияны пайдану керек.

  • Шекараны плессиметрдің айқын дыбысқа қараған жағынан белгілеу керек, екінші сөзбен айтқанда «Қай жақтан келдің,сол жаққа белгіле!».

Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:

  • Салыстырмалы перкуссияда симметриялық нүктелер үстінің дыбысын салыстыру керек.

  • Перкуссиялық қағудың күші екі жақтан да бірдей болу керек.

  • Салыстырмалы перкуссия үшін күшті де, жай да перкуссия қолданылуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет