Сабақтың түрі: дәріс Студент білу керек



бет20/24
Дата12.12.2021
өлшемі417,2 Kb.
#99707
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3 МС А№4 лекц

Пальпация (сипау)

Пальпация саусақтардың сезім түйсігіне негізделген. Ол ертеден қолданылып келе жатқан тәсілдердің біріне жатады, бірақ 19 ғ бастап практикалық медицинада кең өріс алып дамыды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғалымдары В.П. Образцов пен Н.Д.Стражеско.

Пальпацияны қолданған кезде де белгілі бір ережелерді сақтау міндетті. Бұл ережелер пальпация кезінде ауру мен дәрігер қалпының, дәрігер саусақтарының қандай болу керек екенін және пальпация жүргізудің техникасын (әдісін) қамтиды.


  • Аурудың қалпы тексеретін мүшені жеңіл тауып сипап қарауға мүмкіншілік туғызатындай ыңғайлы болу керек. Тексеретін мүшенің түріне қарай ауру тұрған, отырған, жатқан т.б. қалыптарда болады.

  • Дәрігер қолдары тез шаршамайтын, өзіне ыңғайлы қалыпта болу қажет. Тез шаршаған қолдың сезімталдығы азаяды.

  • Дәрігердің қолдары тырнағы алынған, жылы және жұмсақ болу қажет. Тырнақ аурудың терісіне батып, ауыртпалық тудырады. Салқын және қатты қол аурудың денесін тіткендіріп, бұлшық еттің жиырылуын қоздырады. Бұлшық еттің жиырылуы сипаудың нәтижесіне теріс әсерін тигізеді,.

  • Қолданылатын әдісіне қарай пальпация беткі және терең пальпация болып екіге бөлінеді.

Беткі пальпацияны теріні, тері асты шелді, лимфалық бездерді, бұлшық етті, сіңірді, буынды,сүйекті, кеуде сарайын, тыныс мүшелерін, жүре-тамыр жүйесін және ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданылады.

Терең сипау негізінен ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет