Өкпе перкуссиясы
Топографиялык перкуссияны өткізген кезде перкуссияның жалпы ережелерін және топографиялык перкуссияның ережелерін қатаң турде сақтау керек.Перкуссияны аурудың тұрған не отырған күйінде жүргізу керек.Тек қатаң ауруларды тексергенде ғана перкуссияны аурудың жатқан күйінде іске асырып,аурудың алды мен қолтық астын ғана перкуссиялаумен шектелу керек.
Топографиялық перкуссияда өкпенің төменгі шегін,өкпе ұшының биіктігін,Крениг кеңістігінің енін және өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын анықтайды.
Өкпенің төменгі шегін анықтау.Перкуссия жолымен өкпенің төменгі шегі белгі сызықтар бойынша екі жақтан бірдей анықталады.Өкпенің шегі өкпе дыбысының жай дыбысқа айналуына қарай анықталады.
Тек сол жақта,алдыңғы қолтық сызығы бойында өкпенің төменгі шегі айқын дыбстың дабыл дыбысына айналуына қарап анықталады.
Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі
Достарыңызбен бөлісу: |