6- сынып
Тақырыбы: Зат есімнің жасалуы.
Мақсаты:
Зат есімнің жасалуы туралы мағлұмат бере отырып, жаттығулар орындау;
Оқушыларға зат есім туралы өткен сабақтағы білімдерін тереңдете түсу, оқу дағдыларын жетілдіру, белсенділктерін арттыру.
Адамгершілік қасиеттерге, қазақ тілін құрмет тұта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілік: сызба, жаттығулар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу рәсімі;
-Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау;
-Оқушыларды тәртіпке шақырып, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
118-жаттығу:Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.
Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т.б.
Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;
Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы
Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені
Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»
Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс т.б.
ІІІ. Жаңа тақырып: Зат есімнің жасалуы.
Туынды зат есімдер жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: күй-ші, ел-дік /зат есімнен/, жақсы-лық /сын есімнен/, біл-ім, аялда-ма /етістіктен/, тарс-ыл /еліктеу сөзден/, қырқы /сан есімнен/ т.б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалынады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады.
Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т.б.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс жасау.
А) 119-жаттығу: Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтаңдар.
Мәтін қай шығармадан алынған?Өз ауылдарыңда қандай бәйге атын білесіңдер.
/оқушылар өз беттерімен жұмыс жасайды/
Ә) Тапсырма: 59 беттегі суреттегі екі балаға мінездеме беріңдер. Олардың бойындағы қасиеттерді салыстырып жазыңдар. Қандай дерексіз зат есімдерді пайдаланғандарыңды айтыңдар.
Мысалы: Жомарттың мінезі жайдары, Ал Аслан ылғи да томаға тұйық жүреді.
Б) Мына сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар:
Баянауылдың суретіне қарай отырып, әңгіме құрастырыңдар. Жалқы есім, жалпы есімдерді, дерексіз зат есімдері қолданыңдар
Ү. Сабақты бекіту:
Семантикалық карта толтыру /оқушылардың бәріне таратылады/
№
|
Мысалдар
|
Жалпы есім
|
Жалқы есім
|
Деректі зат есім
|
Дерексіз зат есім
|
Негізгі зат есім
|
Туынды зат есім
|
Дара
|
Күрделі зат есім
|
1.
|
Әке
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
2.
|
Мұхтар Әуезов
|
|
+
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
3.
|
Құлагер
|
|
+
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
4.
|
Қайғы
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
+
|
|
5.
|
Достық
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
+
|
|
6.
|
Домбыра
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
7.
|
Саудагер
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
8.
|
Өнер
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
+
|
|
9.
|
Қарағанды
|
|
+
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
10
|
Жігіттер
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
11
|
Қызылордалық
|
|
+
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
12
|
Дәріхана
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
13
|
Әке-шеше
|
+
|
|
+
|
|
|
|
|
+
|
14
|
Арман
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
+
|
|
15
|
Шекарашы
|
+
|
|
+
|
|
|
+
|
+
|
|
Үйге тапсырма:
122-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.
123-жаттығу. Дара зат есісдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек жазып, қайсысы жалқы есім, қайсысы жалпы есім екендігін ажыратыңдар.
«Зат есім» тақырыбына сөз жұмбақ, ребустар құрастырып әкелу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |