Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: бекіту сабақ Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс



Дата08.02.2022
өлшемі39,5 Kb.
#124532
түріСабақ
Байланысты:
000bbe64-ab38330e


Сабақтың тақырыбы: Хикаятқа арқау болған ұрпақ тәрбиесі
(Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі, 2-сағат)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдата отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыруға үйрету ;
2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: әңгіме сюжеті арқылы ізгілікке, мейірімділікке баулу, ата-ана алдындағы борыштарын ұмытпауға үндеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу; сабаққа қатысуын тексеру; зейіндерін сабаққа аудару.

  • «Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт»-деген аталы сөзді сабақ ұраны етіп, сабақ тақырыбын ашу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Миға шабуыл

  • Балалар, әңгіме неліктен «Қонақтар» аталған деп ойлайсыңдар? Қонақтар деп отырғаны кімдер?

  • Әңгіменің әдеби композициялық талдауы арқылы қысқаша мазмұнына тоқталу




  • «Балықтың қаңқасы» тәсілімен әңгімедегі өзекті мәселе туралы ой қорытынды жасату

Мәселе – себептері – дәлелдер – қорытынды
ІІІ. Мағынаны тану
Топтық тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға «Адам болып қалу үшін» мәтінінің үзіндісі ұсынылады. Топта талқылау арқылы мәтіннің жалғасына болжам жасалынады.
Мәтіннің жалғасын таныстырып, әңгімемен салыстыра отырып, қорытынды шығарады.
Дәптермен жұмыс.
Кейіпкерлерге қысқаша мінездеме береді (Ерғабыл қарт пен бәйбішесі, Сапабек, Тома, Жеңіс)
Ой-толғаныс кезеңі. Топтық талқылау сұрақтары
-Қалай ойлайсыңдар, Ерғабыл қарт неге ренжіді? Оған келінінің қылықтары неліктен ұнамады?
-Қалай ойлайсыңдар, перзентінің ата-анаға деген махаббаты ақшамен өлшене ме?
-Қалай ойлайсыңдар, қателік кімнен кетті? Сапабектің қатігез, мейірімсіз болуы неден деп ойлайсыңдар?
-Қалай ойлайсыңдар, сендер Сапабектің орнында болсаңдар не істер едіңдер? Авторлық шешіммен келісесіңдер ме?
ІV. Қорытындылау

  • М.Мақатаевтың өлең шумағына тоқталу.



Кері байланыс
Құндылық ағашын пайдаланып, шығармадан кейінгі ойларын айтып, қандай құндылық алғандықтарын лентаға жазып, ағашқа байлайды.


V. Үйге тапсырма. «Менің ата-ана алдындағы парызым» атты шығарма жазу
Бағалау.


Құбаева Бұлбұл


БҚО, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы
Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМ-Б-ның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет