Сабақ тақырыбы:Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы.
Білімділік: Ш.Уәлиханов туралы кеңінен мағлұмат алады, алған білімін практикалық жолмен көрсетеді. Тақырып аясында сөйлеу, талдау, сәйкестендіруге дағдыланады
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағды мен біліктерін дамыту
Тәрбиелік: қазақ халқының атақты адамдары, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, Отанына келешекте адал кызмет етуге, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы, панорамалық
Сабақтың әдісі: тыңдалым, оқылым, айтылым, сұрақ- жауап, жартылай ізденіс, озық тапсырма, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, слайдтар
Жоспар:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Шоқанның өмір жолдары
3. Шоқанның жастық шағы
4. Шоқанның мансабы
5. Шоқанның ғылыми қызметі
6. Шоқан бейнесі көркем әдебиет шығармаларында
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақ:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
– «XIX ғасырдың өзінде орыс ғалымдарынан жоғары бағасын алып, «шығысты зерттеу әлемінің аспанынан аққан жұлдыздай өте шыққан» Шоқан XXI ғасырда да ғылым үшін маңыдылығын мысқалдай да кеміткен жоқ. Өз халқы үшін оның ағартушылығы мен этнографтығы, ауыз әдебиетін жинған еңбегі – тағы бір төбе. Қамшының сабындай аз ғана ғұмырында халқына мол мұра қалдырды.
Шоқанның 175 жылдық мерейтойы еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төр ағалық етумен тұспатұс келді. Былтырғы жыл бүкіл жұртымыз үшін ұлы ғалым, этнограф, фольклоршы, саяхатшы, және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуымен есте қалады. Классик жазушымыз Ғабит Мүсірепов «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!» – деген болатын.
Аудару:
1. Когда и где родился Ч.Валиханов?
|
1. Омбы кадет корпусында.
|
2. Кто его назвал «Чокан»
|
2.ерте
|
3.Когда он начал обучаться граммоте?
|
3.1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын жерінде.
|
4.Где учился Чокан?
|
4.Семей,Аягөз,Қапал,Алакөл, Тарбағатай,Қарқалы, Баянауыл жерлерінде.
|
5.Как учился Чокан?
|
5.әке – шешесінің еркелетіп қойған аты.
|
6.Какие книги он читал?
|
6.қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдарды.
|
7.Где он побывал?
|
7.үздік оқушылардың қатарында.
|
8.Что он собирал?
|
8.П.П. Семенов Тянь – Шаньский,Потанин Ф.М.Достоевскиймен.
|
9.Куда он был избран в 1857 году?
|
9.оқуға тыйым салынған.
|
10.С кем он дружил?
|
10.туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін.
|
11.О чем мечтал Чокан Валиханов?
|
11.Орыс география қоғамына.
|
Адамның басшысы-ақыл,
Жетекшісі-талап,
Шолушысы-ой,
Сынаушысы-халық,
Қорғаушысы-сабыр,
Қорғанысы-мінез,
Ең қымбаттысы-ар,
Таусылмайтыны-арман,
Барлығынан ардақтысы-өмір.
Предводителем человека является-ум,
Руководителем-стремление,
Обозревателем-мысль,
Критиком-народ,
Защитником-терпение,
Опорой-характер,
Самым дорогим-честь,
Нескончаемым-мечта,
Самым чтимым из всех –жизнь.
«Шоқан Уәлиханов» сөзжұмбағын шешу.
1. Шоқанның әкесінің аты (Шыңғыс)
2. Шоқанның орыс досы (Ф.М.Достоевский)
3. Шоқанның атақты саяхаты (Қашқар)
4. Шоқанның арғы атасы (Абылай)
5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры («Манас»)
6. Шоқанға ықпалы тиген орыс ақыны (Дуров)
7. Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі (Әлімбай)
8. Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым (Ә.Марғұлан)
9. Шоқанның шешесінің аты (Зейнеп)
10. Шоқанның азан шақырып қойған аты (Мұхаммед-Ханафия)
11. Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы (Потанин)
12. Шоқан 1856ж. қай ақынмен кездесті? (Сүйінбай)
13. Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы (Шот-аман)
14. Шоқан жайлы пікір айтқан тарихшы-ғалым (Веселовский)
Ү. Қорытындылау
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел»
ҮІ. Үй тапсырмасы:
1. Ш.Уәлихановтың өмірбаяны мен шығармашылығын, Ш. Уалиханов сөзін жаттау.
ҮІІ. Бағалау
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларға баға қою.
Достарыңызбен бөлісу: |