Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: жабайы аңдардың суреті



Дата01.04.2017
өлшемі23,31 Kb.
#13415
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар.

Мақсаты:.1. Білімділік: жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып, сөйлесе алуға дағдыландыру.

2.Дамытушылық: сөздік қорын байыту. Ауызекі және жазба тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Білу керек: Жабайы аңдардың атын, қайда өмір сүретінін.

Үйрену керек: жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: жабайы аңдардың суреті.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.



II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Құстар туралы айтылады.

III. Жаңа сабақ.

Фонетикалық жаттығу:

Жұмбақты шешейік:

Дегендей ешкім түймесін. (кірпі)

«Кірпі» деген сөздегі төл дыбыстарды атаңдар. «І» дыбысы бар аңдарды, жануарларды атаңдар: түлкі, кірпі, піл.

-Балалар тақтадағы суреттерге қараңдаршы, бүгін сабақ не жайында болмақ?

Суреттегі аңдардың аттарын орысша және қазақша айтуға дағдыландыру.



Сөздікпен жұмыс.Жаңа сөздерді игерту,дұрыс айтылыуын меңгерту, сол сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру.

Сарышұнақ- суслик

Асырайды- кормят

Жабайы – дикие

Ешкім бақпайды- никто не заботится

Енді дәптерлеріңдегі көркем жазуды жазып, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазуып алыңдар.

Жабайы аңдар туралы түсінік беру.

Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқу.Іштей және тізбектеп.

Тапсырма: мәтінді орыс тіліне аудару және сұрақтарға жауап беру.

1.Қандай жабайы аңдарды білесің?

2. Аңдар қайда өмір сүреді?

3.Олар қалай өседі?

4. Оларды неге жабайы аңдар дейді?

5. Үй жануарларынан айырмашылығы қандай?



Мәтін мазмұнын айтқызу.

Сергіту сәті

Жазылым. 2- жаттығуды орындату. Оқушылар берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерлеріне, тақтаға жазады. Құрастырған сөйлемге сұрақ қояды.

Оқылым.3- жаттығу. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударту.

Үй жануарлары, жабайы аңдар, кең дала, қалың орман, қу түлкі, шапшаң сарышұнақ, қорқақ қоян, үлкен арыстан.



5 –жаттығу. Жұмбақты оқу және шешу.

Өзі бір айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Шешуі бойынша сөйлем құрастыру, дәптерге жазу.

Ойын: «Төртінші артықты тап». Оқушылар суреттерден артығын тауып, неге артық екенін түсіндіреді. Мысалы: түлкі, қасқыр, бота, қоян. Бота -артық .Ол үй жануары, қалғаны жабайы аңдар.

ІV.Бекіту сұрақтары:

1.Бүгін біз сіздермен не туралы өттік?

2.Олар қайда мекендейді?

3. Бідің жерде қандай жабайы аңдар мекендейді?



4. Қандай жаңа сөздермен таныстық?

V. Үй тапсырмасы: Жабайы аңдар туралы өлең жаттау. Меңгерілген сөздерді жаттау.

VI. Бағалау.

VII. Қорыту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет