Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру Көрнекілігі: технологиялық карта, суреттер, ыдыс аяқ түрлері



Дата01.04.2017
өлшемі130,55 Kb.
#12977
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар шай дайындау технологиясы.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ыстық сусындар туралы кең ауқымда мағлұмат беру.Шай туралы түсінік беру,жасу жолдарын түсіндіру.
Тәрбиелілік: қонақжайлылыққа, сыпайылылыққа, инабатты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: шәй, кофе, какао дайындау қымыз емдік қасиетінің технологиясын меңгерту, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Көрнекілігі:
 технологиялық карта, суреттер, ыдыс - аяқ түрлері
Күтілетін нәтиже

Ыстық сусын және салқын сусын түрлерін білетін болады.

Ыстық сусындарды өздері дайындап үйренеді.

Ұйымдасқан түрде жұмыс жасайды



Барысы:
І.Қызығушылығын ояту:оқушылармен
сәлемдесу, түгендеу
2. Үй жұмысы:
«Бутерброд»плакат арқылы әңгімелеу .

ІІ. Мағынаны тану:



«Адам өмір сүру үшін 7 түрлі нәрсе керек: отын, күріш, май, шай, тұз, сүт және бидай» деген сөз бекерге айтылмаған.

Сусындар 2 түрге бөлінеді. 


Ыстық сусындармен салқын сусындар нелер жатады ? Ассоциация жасау.

Әйгілі аңыздар да бір күндері әйгілі Үнді ханшайымы сәжде ету кезінде ұйықтап қалған. Ұйқыдан оянған соң ханшайым ызаға булығып, өз кірпіктерін қырқып тастаған. Сол кірпіктері түскен жерден шай бұтақтары шыққан. Шәй бұтағының жапырағынан сергектік шайын дайындайтын болыпты деген аңыз бар.Шайдың Отаны Үндістан мен Қытай елдері шай алқаптары коп орналасқан Осы күні Индияда 7000 астам шәй алқаптары бар.

17 ғасырда пайда болды. Одан әрі Англияға апарылды. Шәй Қытай елінде сүйікті сусынға айналды.

Қазір шәй өнімдері де Қазақстанда да өндіріле бастады.



Тақтамен жұмыс :

Технологиялық карта: Шай дайындау
Шай құрамында нелер бар?

Кофеин - Сергектік, тітіркендіргіштік
Иленгіш зат - Тұтқырлық дәм береді
Эфир майы - хош иісті, дезинфекциялық және антисептикалық қосылыс
Пектин - Асқорытудағы ауытқуларды ретке келтіреді
Кофе туралы түсінік
«Түн секілді – қара, от секілді - ыстық, періште секілді - таза, махаббат сүйіспеншілігіндей – тәтті».
Бұл – кофе. Ол түрлі тарихи, сиқырға толы. Кофе мен тәттілер қосындысынан негізгі кофеин құрылады. 
Тарихта Шығыста қонақтарға шыныаяқ кофе ұсынып, былай деген: “Сен 10 сағат бойы мамық жастықта ұйықтағандай және 40 сарбазды қарусыздандыратындай сезінесің....”. Қазір бұл шындыққа айналды. Мықты дәм мен физикалық және психологиялық белсенділік береді.
Кофенің түрлері
1. Дәндә
2. Түйіршікті
3. Ерігіш

КАКАО (шоколад ағашы), мәңгі жасыл теоброма тегі. Американың тропикалық ормандарында өседі. Дән құрамында алкалоид теобромин, медецинада қолданады, сонымен 50% май бар.
Оларды какао майын алу үшін қолданады (кондитерлік заттар шығаруға, дәрілік свеча жасауға, маз, ерін далабы), шоколад және какао ұнтағын жасайды

Салқын сусындар туралы айту:Қымыз,шұбат,шырын қасеттерін айту.

Сарамандық жұмыс: «Шай дайындау»

Қауіпсіздік ережесі еске түсіру.

-Шайнектен су құйғанда,кесені толтырмау керек.

-Қайнаған суды шүберекпен абайлап ұстау.

-Тағамды тазалықпен әзірлеу керек

-Жұмыс орнын таза ұстау.

Технологиялық картамен жұмыс.

Топпен жұмыс. «Шай дайындау»

«Қонақтарды шайға шақыру» қонақ кәде .

Толғаныс:

Ия-жоқ» ойыны.(5мин) Сынып оқушыларына мұғалім бір бағалау.немесе сұрақ жасырады.Мысалы:

·Шайды ыстық күйінде ішеміз бе?«ия-жоқ»

·Бұл сусынды өздерің дайындай аласыңдарма?«ия-жоқ»

·Шайға сүт құямыз ба?«ия-жоқ»

·Шайды кесемен ішеміз бе? «ия-жоқ»

·Ыстық сусын дайындаған кезде сақталатын қауіпсіздік түрлерін атай аласың ба? «ия-жоқ»

·Осы ыстық сусындар дастархан басына үш мезгіл келе ме?«ия-жоқ»

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына тек «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.(5мин)Жылы-шырай таныту.(Мадақтау,смайликпен бармақпен)

Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с.

·Жаңадан не білдіңдер?

·Не үйрендіңдер?


Үй жұмысы: Ыстық сусындар мен салқын сусындар туралы мәлімет жинактау



Сабақтың тақырыбы: «Машина тігістері» 
Сабақтың мақсаты: Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру.
а) білімділігі: Тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс жасауды үйрету, машинатанудағы танымдарын, түсініктерін қалыптастыру. б) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен әсемдікке үйрету.
в) тәрбиелілігі: Басталған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету, тазалыққа баулу
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сарамандық жұмыс.
Сабақта күтілетін нәтиже:
1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2) Ойлау, есте сақтау қабілеті артады.
3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады. Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрсету, нұсқау карта, түрлі - түсті қиындылар, мата қиындылары.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру: 1мин.
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудар.
ІІ. Оқушы білімін тексеру. ( өткен тақырыпты қайталау) 10 мин. 
1) Ең алғаш тігін машинасының жобасын ұсынған кім? 2) Тігін машинасының түрлерін ата?
3) Астыңғы жіп реттеуіш құрылысын айтып беріңіз?
4) Үстіңгі жіп реттеуішін атап беріңіз?
5) Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдарды ата?

2. Сөзжұмбақ шешу.(I. Қызығушылықты ояту.)

1) өлшем алу құралы; 2) тоқыма біз атауы;


3) киімге түсетін із; 4) ою атауы;
5) табиғи талшық; 6) әжелердің киімі;
7) қазақша клей атауы.

3. Өткен сабақтар бойынша тест сұрақтар.


ІІІ. Жаңа сабақ 10 мин. (II. Мағынаны ашу) 1. Машина тігістері дегенімізді естуіміз бар ма?
2. Қандай тігіс түрлерін білеміз?
3. Күнделікті қолданып жүрген тігіс атуларын айтыңдаршы?
Машина тігістері дегеніміз- бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанда, тігіс алынады. Тігіс - бұл бөлшектердің жіппен жалғасқан орны. Тігім - инешаншымдардың қайталану қатары, ал инешаншымдар - бұл иненің екі шаншымы арасындағы жіптер.

Машина тігістерінің өзі үш бөлікке бөлінеді соның ішінде біз киім бөлшектерінде киімдерді біріктіруші тігістер бөлігімен жұмыс жасаймыз. Біріктіруші тігістер бөлшектің екі жағында жатады. (Мысалы: бүйір, иық, және де басқа бөлшектерді біріктіруде)


Біріктіруші тігіс 4 - ке бөлінеді:
1. Қайып тігу.
2. Жабсырып тігу.
3. Өбістіріп тігу.
4. Тұйықтап тігу.
1. Қайып тігу – киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде қолданылады. бүрмелер мен қатпарлар біріктірілетін екі бөлшектің үстінде орналасады. Бөлшектің оң жақтары ішке қаратылып беттестіріліп, қиылған шеттері теңестіріледі де қайып тігіледі. Тігістің ені - сетінегіш матадан 1, 5 см, ал сетінемейтін матада 1см болады.
2. Жабсырып тігу – орындау барысында ашық қиықты және жасырын қиықты болып бөлінеді. Ашық қиықты жабыстыру. Киімнің төсемесін(прокладка) бір - біріне жалғастыруда қолданылады. ол үшін төсеменің екі шетін бір – біріне айқастырады да машинамен қайып тігеді. Айқаспа тігістің ені 0, 6 - 1 см, ал төсем шеті мен тігістің аралығы 0, 3 - 0, 5см. Жасырын қиықты жапсыру тігісі - фигуралы және тіке болып пішілген иінішті, жапсырма қалтаны негізгі бөлшекке біріктіруде қолданылады. Мұнда, бөлшектің жасырылатын (шетін) қиығын сәндік тігістің енінен 1 - 1, 5см артықтау алады да, оны екінші бөлшектің қиығының үстіне қайып орналастырады.
3. Өбістіріп тігу – киімнің астараралық маталарын өзара бекітілетін матаның шеттерін түйістіре қойып, әр шетінен 0, 5 см аралықта жапсырып басты тікелей тігеді. Кейде жүргізілген қатарлы тігіс арасын машина тігісімен иректеп қосады. Бұл тігіс сыртқы киімдерде қолданылады. 4. Тұйықталып тігу - жасырын тігіске ұқсайды. Бұл тігісте бөлшекке шеттері тұйықталып бекітіледі. бөлшектің екі жағынан да өзара параллель түскен тігістер көрініп тұрады.
ІV. № 12 - Сарамандық жұмыс. 15 мин. 
Тақырыбы: Машина тігістерінің орындалуы.
Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға тігін машинасындағы тігістің жасалу жолдарын орындату және қол тігісіне баулу.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: үтік, қайшы, қол тігін машинасы, бор, сызғыш, ине - жіп, қалам, қарандаш. Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде ТҚЕ сақтау:
• Машинаның айналасына шаш ілініп кетпес үшін шашты жинақы ұстау н/е орамал тағу керек; •Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жіппен жүріске жіберуге болмайды; •Жұмыс кезінде қолды дұрыс ұстау крек, дұрыс ұстамаудың әсерінен саусақты инемен шаншып алуы мүмкін; •тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды, ине сынып кетуі мүмкін;
•тігін машинасында жұмыс істеген кезде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеймеу керек; •бұйымдарды сырып тігер алдында тігіс бойында инелер мен түйреуіштер қалмағанын тексеру крек; •жұмыс басталар алдында реттік бұрғысының орнықтылығын иненің ине тесігіне тура келуін тексерген жөн; •кәсіптік үстелдің аяқ жағында резеңке төсеніш төселу керек; • машинаның айналу маховигі жүріп тұрған кезде қасында қайшы, ине - жіптер жатпауы керек; • тігін машинасына қажетті құрал – жабдықтар арнайы қорапшада жатуы керек. Оқушыларға технологиялық нұсқау карта таратылады, әр картада әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.
1. Қайып тігу.
2. Жапсырып тігу.
3. Өбістіріп тігу.
4. Тұйықтап тігу.
Сергіту бөлімі: «Кім ұшқыр» ( мақал - мәтелдердің жалғасын табу)
1. Бүгінгі істі… қалдырма.
2. Жеті рет өлшеп,… кес
3. Ақыл көпке жеткізер, Өнер.... жеткізер.(көкке)
4. Өнер қуып ой түзе. Жұмыс...(қылып бой түзе).
5. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт...(жер соғар)
6. Өнерліге.....(есік ашық)
7. Өнерлі адам...... (ешкімге жалынбайды.)
V. Бекіту 5 мин. ( Ой толғаныс).
1. Қол тігістерін ата?
2. Әжелеріміз кесте тігу кезінде қандай тігісті көп қолданған.
3. Тақтадан машина түрлерін көрсету және айырмашылығын түсіндіру.
1. Қолжетекті. 2. Аяқжетекті. 3. Электржетекті.
VI. Сабақты қорытындылау 3мин.
Нұсқау картамен жасаған жұмысты түсіндіру. 
VI. Оқушыларды бағалау. 1 мин.
VII. Үйге тапсырма: Машина тігістері оқу, сарамандық жұмысты аяқтау.

Сабақтық тақырыбы: Ою - өрнек түрлері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ою - өрнек еріктілігін дамыту туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: кәсіби және жылдамдық дағдыларын дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, дайын ою - өрнек суреттері.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих

Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Жаңа сабақ
Ою - өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй - іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару - жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек - нақыштар.
Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Қазақстан аумағында Ою - өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер “жал”, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою - өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма - жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық Ою - өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометиялық ою - өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10 - 11 ғасырлар Айша - Бибі кесенесі, 11 - 12 ғасырлар, Ахмет Иасауи кесенесі, 13 - 14 ғасырлар т. б.) айқын көрінеді.
Ою - өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім - кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті. Қазақ ою - өрнегінің негізгі түрлері: геометриялық, зооморфтық пен көгеріс және қиял - ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі). Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т. б. Ою - өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай - ақ, көгеріс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс - аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару - құралдарында сақталып қалды.
Ою - өрнектердің түрлері.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою - өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою - өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.

«ҚОСМҮЙІЗ» ою - өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек.

«АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою - өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім - кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоюдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою - өрнегі біріне - бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою - өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір - бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады

«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай - ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
«ӨРКЕШ» ою - өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою - өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе - теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке - бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«ШЫНЫГҮЛ» ою - өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою - өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған.

«ГҮЛ» ою - өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою - өрнектен басталып, он екі жапырақты ою - өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі.
«ШЫТЫРМАН» ою - өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады

«ТІС» ою - өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою - өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама - қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.

«БӨРІКӨЗ» ою - өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай - ақ «бөріқұлақ» деп аталатын жапырақты бейнелейді

Сабақты қорытындылау
Оқушылар бүгін біз ою – өрнек туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен мына сұрақтарға жауап беріңдер
• Ою – өрнек дегеніміз не?
• Ою - өрнектің неше түрін білесіңдер?
• Зергерлік бұйымдарға көбінесе қандай өрнектер пайдаланылады?
• Кілемде қандай ою - өрнектер басым?

Оқушы білімін бағалау.
Үй тапсырмасы. Оқып келу және ою – өрнекті қағаздан немесе матадан қиып әкелу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет