Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс



Дата10.05.2017
өлшемі21,9 Kb.
#16200
түріСабақ
  • Мақсаты:
  • Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам
  • дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі
  • қоғамдағы рөлімен таныстыру
  • Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке,
  • өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей
  • отырып тәрбилеу
  • Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін,
  • рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін
  • және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру
  • Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
  • Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс
  • Көрнекілігі, техникалық құралы:
  • Қасиетті кітаптар: Зәбур, Тәурат, Інжіл және Құран,
  • Дүниежүзі саяси картасы, ҚР саяси-әкімшілік картасы,
  • сызбалар, нақыл сөздер, хронологиялық кесте,
  • фотосуреттер, слайдтар, электронды оқулықтар,
  • эллюстрациялар, буклеттер.
  • ПАБ: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Мәдениеттану,
  • Саясаттану, Этнография.
  • Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
  • II. Білімді тексеру
  • Фронталды сұрақтар:
  • 1. Әлемдік аса ірі діни жүйелерді атап бер
  • (буддизм, христиан және ислам)
  • 2. Діннің ең алғашқы түрі (фетишизм = фр.т. feticha идол, тұмар )
  • 3. Діннің ең ежелгі түрі (анимизм = лат.т.- апіта-жан ), тонемизм-адамдар мен
  • жануарлардың туыстығын.
  • 4. Ұлттық- халықтық діндердің қатарына қандай ілімдерді жатқызуға болады? (иудаизмді,
  • индуизмді, синтоизмді, конфуций ілімін)
  • 5. Конфуцийшілдік қандай ілім және қай жерлерденген? (этникалық- философиялық
  • ілім; Қытай, Корей, Жапон)
  • 6. Өз өмір тіршілігінде Конфуций неше принципті қатаң ұстанды және қандай?
  • (Төрт: 1. бос қиялға салынбау
  • 2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу
  • 3. қасарыстық көрсетпеу
  • 4. өзінің жеке басы жайлы ойламау)
  • 7. Конфуцийдың ұстаған жолы және құрастырған кітаптары
  • (жолдары: әділеттік, табиғатты сүю, әдет–ғұрыпты сақтау, сыйлау
  • кітаптары: «Өлеңдер кітабы», «Көктем және күз» – жылнамасы, «Сұқбат және пікір
  • айту», «Ұлы ұғыну кітабы»)
  • Негізгі ұғымдарға түсінік беру:
  • Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? (Дінтану)
  • Конфессиялық ілім ( көне грек тілінде konfessio - майындау, ғибадат қылу)
  • Теология (көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні)
  • Атеизм – (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару)
  • Манотеизм –( «бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» - құдай.)
  • Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және - құдай)
  • Секта – (лат.т. – ойлау тәсілі, бағыт деген сөзінен)
  • «Даталар сөйлейді» ойын
  • б.з.б. 551-479 ж-ж Кун-фу-цзы өмір сүрген жылдары
  • б.з.б. IV- III ғғ. Даосизм ілімі
  • VI-VII ғғ. Синтоизм ілімі
  • б.з.б 5500 – 2600 ж. Индуизм ілімі
  • б.з.б.1 мың орт. Буддизм діні
  • б.з. I ғ. Христиан діні.
  • ІІІ. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық, мақсат қою
  • (Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау)
  • Сұрақтар:
  • VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім?
  • Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты –
  • императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі.
  • Грек тілінен аударғанда миссия ( машиах), құтқарушы деп аударылған сөз
  • Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі.
  • Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін
  • Шешуі: 1. Синтоизм. 2. Әділеттік. 3. Христос. 4. Даосизм. 5. Буддизм.
  • Сөзжұмбақ
  • 5
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 3
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 2
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 4
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 1
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • дінінің пайда болуы және таралуы
  • IV. Жаңа тақырып меңгерту
  • Жоспар:
  • 1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
  • 2. Ислам дінінің пайда болуы
  • 3. Ислам дінінің таралу аймағы
  • Тірек ұғымдары:
  • «Ислам» - сөзі арабша «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсыну», «ілім», «бас ию»,
  • «нану».
  • Мұсылман – «Алланың нағыз – құлы, алланың нағыз ұлы».
  • «Хижрат» – 622 жылғы Меккеден Ясриб (Мәдина) қаласына Мұсылмандар көші
  • «Хижра» - жаңаша мұсылман жыл санауының басы (ай күнтізбесі).
  • Алла – күреншит руының жеке құдайы.
  • Күреншит – Мұхамедтің шыққан руының аты.
  • «Шариғат» – араб тілінде «Тура жол».
  • «Уахи» – Жәбірейіл періштенің жеткізген аяндары.
  • «Пайғамбар» - парсы тілінде «хабаршы» деген ұғымды білдіреді.
  • «Мұхаммед» - «мақтаулы»деген мағынаны білдіретін есімді Хазрет Мұхаммед
  • (с.а.с.) Пайғамбарымызға атасы Абдулмутталиб қойған есім.
  • «Құран» - Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед Пайғамбарға
  • түскен ең соңғы кітап.
  • Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
  • Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»:
  • адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;
  • имансыздықтан тұншығуы;
  • Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың,
  • зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;
  • Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде
  • әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп,
  • тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі.
  • Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін
  • мойындағаны шындық.
  • Ислам дінінің пайда болуы
  • Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар.
  • Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына,
  • Тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік
  • ерекшеліктеріде бар.
  • Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында
  • (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды.
  • Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың»
  • орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа
  • қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды.
  • Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп
  • қалдырған іс-амалдары (суннеті).
  • Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген
  • 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының
  • басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген
  • делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру).
  • Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін
  • таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің
  • қасиетті мекеніне айналды.
  • (Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман
  • шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі).
  • Исламның таралу аймағы (оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап)
  • VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка,
  • Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен
  • Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.
  • Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.
  • 90%-ы Сунниттер.
  • Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.
  • 120 –дан астам елде Ислам діні таралған.
  • Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.
  • Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.
  • Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:
  • 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы
  • 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы
  • 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы
  • Исламдағы шариғаттың 4 мәселесі
  • Ислам дінінің 5 парызы
  • Әлемдік діндердің
  • қасиетті кітаптары
  • Иманның 6 шарты
  • Төрт үлкен періште
  • V. Жаңа материалдың қабылдануын тексеру
  • VI. Жаңа материалды бекіту
  • Тест
  • Дәуіт пайғамбарға түскен кітап
  • А) Құран В) Інжіл С) Зәбур Д) Тәурат
  • Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште
  • А) Жәбірейіл В) Микәйіл С) Исрафил Д) Әзірейіл
  • Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі
  • А) Ораза ұстау В) Тәрбие (Аһлақ) С) Кітаптарға сену Д) Қажылық
  • Ислам діннің бес парызының бірі
  • А) Періштелерге В) Тағдырға сену С) Амал Д) Куәлік сөзін айту
  • Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында
  • Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?
  • А) 630 В) 622 С) 610 Д) 609
  • Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында? (екінші)
  • 1962 жылы Меккеде ... әлемі Лигасы құрылды. (Ислам)
  • ... Иран мен Ирак аумағында кездеседі. (Шииттер)
  • Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. (29)
  • Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... . (Сунниттер)
  • VIІ. Үйге тапсырма беру
  • Дінтану негіздері. Ғ.Есім., т.б. Алматы «Білім» баспасы 2010
  • §11. 1. 131-148 бб. 148 беттергі сұрақтарға жауап беру
  • Озық тапсырма:
  • 1. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) (реферат)
  • 2. Қасиетті кітап – Құран (хабарлама)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет