Сабақтың түрі: Жаңа тақырып беру сабағы. Сабақтың типі: Тәжірибе Сағат саны: 4 сағат



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі185,01 Kb.
#94672
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Физиотерпия тәжірибе 4

Шоқы аймағындағы балшықтар — жанартау белсенділігі жоғары аймақтарда пайда болады. Балшықтар шоқыдан олар жерге көмірқышқыл газымен бірге тектоникалық жарықтар арқылы бөлініп шығады. Олар жартылай сұйық келген саз тәрізді құрылым, құрамында көптеген микроэлементгер бар, ал органикалық заттарға кедей.
Гидротермальді балшықтар белсенді жанартау (вулкан) аймақтарында тастардағы ыстық газ, булардың ағынымен сілтілеу арқасында пайда болады. Осындай балшықтардың құрамында көп мөлшерде күкірт тотығы, микроэлемепттер, диоксид көміртегі болады. Гидротермальді балшықтардың орналасқан жерлері Куриль аралы мен Камчатка болып саналады.
Әртүрлі балшықтарға тән жалпы емдік қасиетке олардың жоғары дәрежедегі жылу және ылғал сыйымдылығы, жылуды аз өткізгіштігі, иілгіштігі, яғни келтірген пішінді сақтау қасиеті жатады. Иілгіштігі мен жабысқақтығы оның коллоидты құрамына байланысты болады. Осы қасиетіне байланысты балшық теріге тығыз жабысады.
Балшықтардың емдік қасиетіне оның термиялық әсері жатады, осыған орай балшықпен емдеуді жылумен емдеудің бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Келесі басты емдік факторына оның химиялық әсерін жатқызуға болады, ол балшық құрамындағы биологиялық белсенді органикалық және органикалық емес заттардың болуына байланысты. Химиялық ингридиенттер тері рецепторларына рефлекторлы, бүтін тері арқылы сіңгенде, бірден әсер етіп, организмге жылу әсерін қамтамасыз етеді.

1
Балшықтар жергілікті ауырсынуды басу, қабынуға қарсы және сорылту әсерін береді. Сонымен қатар организмнің жалпы тонусын және реактивтілігін жоғарылатады. Алайда жүрек- қантамыр жүйесіне ауыр тиетінін еске алып, оларды абайлап тағайындау керек. Балшықпен емдеуде ережені бұзып, оларды көп мөлшерде қолданса немесе кері көрсеткіштерді есепке алмай пайдаланса, емшараға кері реакция дамып, тіпті науқастың негізгі сырқаттары қозуы мүмкін. Балшықпен емдеуге кері көрсеткіш болып саналады: жедел қабыну аурулары, қатерлі ісік, миома, фибромиома, қан аурулары, туберкулез, қан кетуге бейімділік, атеросклероздың айқын түрі, жүктіліктің барлық кезеңдері, психикалық аурулар, эпилепсия, кахексия, жүрек-қан тамыр аурулары.
Емшараны орындау әдісі. Осындай емшараны балшықпен емдеуге бейімделген бөлмелер, демалу орындары, жаңа балшықтрды сақтайтын бөлмелермен, бассейндермен жабдықталған арнайы балшықпен емдейтін мекемеде жүргізеді.
Жергілікті және жалпы балшықпен аппликация жасауды және балшықты ванналарды ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет