ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Организмге конвекциялық жылуды беру үшін судан басқа да физикалық факторлар пайдаланылады, олар денемен жанасқанда жылу энергиясын береді. Осындай факторларға емдік балшықтар, парафин, озокерит, лай, кұм жатады. Оларды жылуды тасымалдаушылар немесе пелоидтар деп атайды, ал емдік мақсатта пайдалануды пелоидты терапия дейді.
Яғни,
жылумен емдеу - емдік мақсатта жоғары жылуды сақтаушы, жылуды тасымалдаушы және өткізуші қасиеттері бар жылытылған орталарды пайдалану.
Парафинмен емдеу
Емдеу мақсатта тазаланған ақ, медициналық, балқу температурасы 52-55°С парафинді пайдаланады. Оны арнайы электрлі парафинді қыздырғыш шкафта 65-100°С дейін балқытады, содан кейін парафинді қажет температураға дейін суытады. Парафин жылу берумен қатар, аз да болса механикалық (компрессия) әсер береді, ол әсер парафин суып, қатқан сайын қарқындайды.
Пайдалану әдісі. Парафинді қабаттап жағу, ванна және аппликация түрінде пайдаланады.
Парафинді қабаттап жағу әдісінде температурасы 52-55°С қызған парафинді жаққыштың көмегімен алдын ала вазелинмен майланған теріге жағады, содан кейін компрессиялаушы қағазбен (клеенка) жауып, көрпемен орап қояды (83-ші сурет).
А б
83-ші сурет.Парафинді қабаттап жағу әдісі.
А-парафинді жаққышпен жағу
Б-клеенка немесе қағазбен жабу
В-көрпемен орау
Аппликациялық әдісте температурасы 52-55°С дейін қызған парафинді денеге жағады, содан кейіи оған 2-3 қабат мақта-маталы таңғышты парафинмен ылғалдап, сығады да жабады. Оның бетін клеенкамем орайды (84-ші сурет).