Есеп шығару: 1. Когерентті екі жарық көзі Ѕ1 және Ѕ2 толқын ұзындығы λ= 5*10-7 м жарық шығарды. Жарық көздерінің ара қашықтығы d= 0,3см. Экранның А нүктесінен не байқалады. (141 сурет): Ақ дақ па ,күңгірт дақпа?
2.Су бетінің тербеліс жиілігі 5 гц болғанда ,толқын 3м/с жылдамдықпен тарайды. Бір түзудің бойында бір –бірінен 20см қашықтықта жатқан екі нүктедегі фазалар айырымын табыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар.
Егер толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с болса,440 Гц жиілік кезіндегі толқын ұзындығын анықта.
2. Адам 16 Гц жиіліктен 20000 Гц жиілікке дейінгі дыбысты естиді. Адамның қабылдайтын толқын ұзындықтарының интервалын анықтау керек .Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340 м/с.
3.Бірінші кемеден екінші кемеге бір мезгілде ауамен ,сумен екі сигнал жіберілді. Бірінші сигнал екіншісінен 2с кейін жетеді. Дыбыс ауада 340 м/с ,ал суда 1480 м/с
жылдамдықпен таралса , кемелердің арақашықтығы қандай болады?
Тест тапсырмалары:
1.Ұзындығы 30м –ге тең радио толқынның ауада таралу жылдамдығы 3*108 м/с. Толқынның жиілігі.
А. 107 Гц В. 33*108Гц C.9*10-9 Гц Д. 9*109Гц Е.10-7 Гц
2.Восток ғарыш кемесінде құрылған радиохабарлағыштың жұмыс істеу жиілігі20МГц болса, ондаоныңтолқын ұзындығы (с=3*108 м/с)
А.1,5м В. 60м С. 30м Д. 120м Е. 15м
3.Жарық толқынының ұзындығы λ ,жиілігі ν және таралу жылдамдығы V. Бір ортадан екінші ортаға өткенде ,осы параметрлердің өзгеретіні.
А. Тек V В. Тек ν С. λ және ν Д. λжәне V Е. Тек қана λ
4. Жиілігі 5*1014 Гц когерентті толқындар ауада интерференцияланады. Сәулелердің жол айырмасы2,4 мкм болса, онда сол нүктедегі жарық.
А. Есеп шарты бойынша интерференция болмайды.
В.Әлсірейді, с ебебі жол айырмасы жарты толқындардың жұп санына тең.
С. Күшейеді, себебі жол айырмасы жарты толқындардың жұп санына тең.
Д. Әлсірейді , себебі жол айырмасы жарты толқындардың жұп санына тең.
Е.күшейеді ,себебі жол айырмасы жарты толқындардың тақ санына тең.
5.Қармақшы 10 с ішінде қалың толқында 20 тербеліс жасағанын байқады. Толқын ұзындығы 1,5 м болса , толқынның таралу жылдамдығы.
А. 3 м/с В. 5 м/с С. 1 м/с Д. 4 м/с Е . 2м/с
6.Сабын көпіршігінің боялу себебін түсіндіретін құбылыс .
А. Дифракция В. Дисперсия С. Поляризация Д. Абберация Е. Интерференция .
7.Екі көзден таралған толқындардың интерференциясын байқау үшін төменде келтірілген шарттардың қажет емесі:
1.Бірдей жиілік 2. Тербелістер фаза айырмасының тұрақтылығы . 3. Бірдей амплитуда.
А.тек 2 В. Тек 3 С. 1 және 3 Д. Тек 1 Е.1 және 2
8. Толқын ұзындығы 300 м радиотолқындар шығаратын ашық тербелмелі контурдың тербеліс периоды
(с= 3*108 м/с)
А.3мкс В. 1 мкс С. 2мкс Д. 4мкс Е. 5мкс
9.Толқын ұзындығының ,жылдамдығының және тербеліс жиілігінің байланыс өрнегі .
А.V= λν В. at С. V = λ⁄ν Д. V= 2gh Е. V=Ѕ/t
Жауаптары:
1А
2.В
3.Д
4.С
5.А
6.Е
7.В
8.В
9.А
Достарыңызбен бөлісу: |