Сабақтың түрі: Мақсаты, міндеттері


Жаңа білімді баяндау (түсіндіру)



бет2/3
Дата21.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#192485
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Оқу сабағының жоспары

5.3. Жаңа білімді баяндау (түсіндіру)

45 мин

«Ассоциация» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

қанықпаған

қаныққанн
«Майлар»


Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырамын.


Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (–СООН, –ОН, –NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар.

Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.


Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.


Стероидтар биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды. Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады, сілтілі гидролизде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі. Стероидтарға холестерин және олардың туындылары жатады.





Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастырады.


Сөйлемдердегі бос орындарды толықтырып, дәптерге жазыңдар.
1. Антиденелердің арнайылығы олардың ... өзара ... байланысты болады.
2. Антиген-антидене кешенін қалыптастыруға ... қатысады.
3. Коагуляциялаушы антиденелер ... жеңілдетеді.
4. Цитолизиндер антигеннің ... туғызады.
5. Нейтралдаушы антиденелер антигеннің ... қайтарады.
6. Иммундық жүйеде антиденелерді ... және иммунитет ... жүзеге асыратын дайын құрылымдар жоқ.
7. Иммуноглобулин молекуласының комбинациялық аймағымен байланысу күші ... деп аталады.
8. Антигенді ... арқылы залалсыздандырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет