Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Жоспары І бөлім. «Ой қозғау»



бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі29,52 Kb.
#168980
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Саба ты т рі Сайыс саба . Жоспары І б лім. «Ой оз ау» (2)

1991 жылы 1 желтоқсан –(Н.Назарбаев Елбасы болып сайланды)
1991 жылы 16 желтоқсан (Тәуелсіздік алды)

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды.
1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады.
1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді.
2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев;
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды. 
2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і — қола.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

ІІІ бөлім. « Сырлы сандар әлемі»
11111=100 ---------------- (111 - 11=100)
5555555=100 ------------- (555: 5)-(55: 5)=100
33333=100 ---------------- (33•3)-(33: 3)=100
777777=100 ----------------(777: 77): 7=100

IV бөлім «Ойымды жалғастыр».
Мақал-мәтелдер сайысына кезек берейік.Бұл бөлімде берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып,мақалды толық оқу керек.
1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
4. Досыңды үш күн сынам, үш жыл сына
5. Бір елі ауызға екі елі қақпақ
6. Жүз сомын болғанша, жүз досың болсын
7. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды
8. Білгенің бір тоғыз, білмегенін тоқсан тоғыз.
9. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
10.Ер бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі.
11. жеті рет өлшеп, бір рет кес.
12. екі құзғын таласса,бір қарғаға жем болар.
13. Жақсыны жеті жыл жетелесең адам болар,
Жаманды жеті жыл жетелесең надан болар.

V бөлім. « Математиканың ұлы тұлғалары».
1- сұрақ. Қазақ мектебі үшін дайындалған математика оқу құралдарының көшін бастаушы «Есеп құралы» атты оқулықтың авторы кім?
Жауабы: Міржақып Дулатұлы.

2 -сұрақ. Аса көрнекті геолог ғалым, қоғам қайраткері, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы?
Жауабы: Қаныш Сәтпаев.

3 -сұрақ. Математикаға координаттар әдісін кім енгізген? (Р. Декарт)

4 сұрақ. Табиғи тума талант иесі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор - математик, академик кім?
Жауабы: Орынбек Жәутіков

5 сұрақ. Мына сөздердің авторы кім?
«Математика – ой, ақыл шегін кеңейтеді»
Жауабы: Орынбек Жәутіков
6-сұрақ. Атақты әйел математик кім? (С. Коволевская)
7-сұрақ. 787 - 850 ж өмір сүрген Орта Азия математигі «алгебра» терминін осы ғалымның еңбегіне байланысты алынған бұл кім? (Әл - Хорезми)
8-сұрақ. Арифметика математиканың ал математика Ғылымдардың патшасы деген кім? (Гаусс)

VI бөлім. «Криптограмма».
Н Ш Е Е Ң Д
Ү К Ң Т Ө Е
Р Т Б Е Р У
А Е Ұ Ш Т Б
Д И Р Ы М Е
С У А Л О С
А Н Т У Д А
Жауабы: Нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алу, алым, сан, теңдеу, бес.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет
Қорытындылау. Әділқазылар алқасы қай оқушының жеңгенін анықтайды. Жеңімпаз оқушылар сыйлықтармен марапатталады.

VI бөлім. «Криптограмма».



Н

Ш

Е

Е

Ң

Д

Ү

К

Ң

Т

Ө

Е

Р

Т

Б

Е

Р

У

А

Е

Ұ

Ш

Т

Б

Д

И

Р

Ы

М

Е

С

У

А

Л

О

С

А

Н

Т

У

Д

А




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет