Сабақтың түрі: саяхат сабақ Әдіс -тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап


Елбасымыз осы бағдарламалық мақаласында



бет2/7
Дата21.01.2022
өлшемі20,66 Kb.
#113149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
киелі жер саяхат

Елбасымыз осы бағдарламалық мақаласында:

Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.

Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы білуі тиіс»деген болатын.

Дәл осы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасы аясында біз бүгін сіздермен өзіміз туған мекеніміздегі, облысымыздағы киелі жерлерге саяхат жасаймыз.

Саяхат сабағымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай ой-түрткі сұрақ:



  1. «Киелі», «қасиетті» деген сөздерді қалай түсінесіздер?

  2. Сіз үшін осы ұғымдардың маңызы қандай?

(оқушылар өз ойларын ортаға салады)

-Ендеше бүгінгі сабағымызда біз ардақтап кие тұтар рухани құндылықтарымызбен, бас иіп тағзым ететін мекендерімен,киелі, қасиетті жерлермен танысатын боламыз.

Ақтөбе облысы- еліміздегі ең ірі, маңызы зор облыс орталықтарының бірі.

14 аудан орталығынан құралған облысымызда тарихи-мәдени ескерткіштер, мұражайлар, батырлар мен бабаларымыздың кесенелері баршылық.

Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген 12 ескерткіш:
1.Қобда ауданындағы Абат Байтақ қорымы

2.Қобыланды батыр мемориалдық кешені

3.Исатай батыр кесенесі

4.Әйтеке би ауданындағы Әбілхайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы

5.Кенесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы

6.Темір ауданындағы Досжан Ишан мешіті

7.Шалқар ауданындағы Есет-Дәрібай Көтібарұлының кесенелері.

8.Алға ауданындағы Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені

9.Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы

10.Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеорит кратері

11.Алға ауданындағы Әубәкір Кердерінің кесенесі

12.Байғанин ауданындағы Қызылүйік ғибадатханасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет