Сабақтың түрі: саяхат сабақ Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, сәйкестендіру, кесте


NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды



бет2/7
Дата16.10.2023
өлшемі1,94 Mb.
#185797
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
күн жүйесіндегі планеталарға саяхат 2
000754c0-fe995acd, 3 сынып қазақ тілінен ҚМЖ топтамасы, күн жүйесіндегі планеталарға саяхат, 1 Ғылымға кіріспе 7-бөлім Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, 169269229832, 11-сынып бжб
NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды.
Сурет NASA ғарыш агенттігінің алып телескопы арқылы түсіріліп алынған екен. Меркурий бетін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бұл суреттің нақты не нәрсе екенін айта алмай отыр. Жақында осыған ұқсас жағдай болған еді. Бірақ ол кезде ғалымдар смайликтің емес, Меркурий кратерлерінің бірінен Микки Маустың түрі бейнеленген суретті түсіріп алған. 

-Шолпан туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
-Жер туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. 
-Марс туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез-келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз.
Мұғалімнің сөзі
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі.


IV. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмалар бойынша жаңа материалды бекіту.
3 топқа бөлінген тапсырмалар бойынша үйден мағлұмат жинап алып келу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет