Сабақтың түрі: саяхат сабақ



Дата17.02.2017
өлшемі24,93 Kb.
#9713
түріСабақ
Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

«П. Дутов атындағы орта мектеп МДШО» КММ



Бастауыш пәнінің мұғалімі 3 сынып

Усабекова Гульмира Абуғалиқызы
Ашық сабақ тақырыбы: Көбейту және бөлуді пысықтау.

Ашық сабақ мақсаты: Көбейту және бөлудің білімдерін пысықтауға үйрету.

Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ,танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа,тапқырлыққа үйрету.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Ашық сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс,қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс.

Ашық сабақ құрал-жабдықтар: Ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру.

Ашық сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып тазалығына қарау

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

б) Психологиялық дайындық.

Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз -Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін! Математика-Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы білсек барлығын да білеміз екенбіз.

II.үй тапсырмасын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер айтқызу. 2.Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер» деген екі топқа бөлу. Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз! Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырады.



1.«Көкпар» ойыны. Ауызша есепте.(1-есеп) Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан Математикаға орын берсең басыңнан Барлық ғылым соған үйір болады Досың солар табылатын қасыңнан

Амалдарды орында.(1-есеп) Ал, достарым, келіңдер, Біріңе-бірің еріңдер Біліміңді тексеріп, Амалды орындап көріңдер Екі топқа бірдей тапсырма: 45- (5•2) 9•(3+6) 50: (7+3) 63: (4+3) 24: (4+4) 48: (6+2)



2,Теңдеулерді шеш. (2-есеп) Көп білетін оқушы Тақта алдына келеді Теңдеулердің шешімін Дұрыс тауып береді Екі топ теңделеулерді орындайды.(1ұл, 1 қыз тақтада орындайды) Теңдеулерді шеш: 100-х=30 250-х=50 48:с=6 81:с=9 а•5=10 а• 9=72 5

ІV. Сергіту сәті. Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады) Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады) Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Биде айналған жақсы ма? (айналады) Жақсы! (алақандарын соғады) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді

V. Үйге тапсырма : қайталау

VІ. Сабақ қорытындысы: - Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету). - Бүгінгі матема тика сабағында нені үйрендік? - Өткен тақырыптарды қайталадық. - Ұлттық ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық. - Есептер шығардық.

VІІ. Білімді бағалау. Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілермен бағаланып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет