Көрнекіліктері: Плакат, шарлар, слайд. Барысы: І – жүргізуші



Дата11.01.2017
өлшемі56,02 Kb.
Тақырыбы: «Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі»

Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының түстен кейінгі бос уақыттарын тиімді өткізу. Концерттік бағдарламалар арқылы балаларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа баулу.

Көрнекіліктері: Плакат, шарлар, слайд.
Барысы:

І – жүргізуші: Махаббат қырдың қызыл түлкісі дер,

Махаббат біреулердің күлкісі дер.

Махаббат жүректерді жаулап алған,

Махаббатты өмірде кім түсінер?



ІІ– жүргізуші: Құрметті, жиылған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіз, көрермен, сергісін бой.

«Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі» атты сауық кешімізге келген, көрермендер, армысыздар?!



І– жүргізуші: Кешегі күн жалғасып бүгінменен,

Уақыт зырлап барады дүбірменен.

Дүбірдің дүмпуімен дүниедегі,

Бұл өмірдің өткені білінбеген.



ІІ– жүргізуші: Болмасаң да маған серік, маған жар,

Сені ойлап көңіл әр кез алаңдар.

Ай бетіне салдым аппақ бейнеңді

Таптап кетіп жүрмесін деп табандар.



Би: Қадырова Динараның орындауындағы үнді биін қабыл алыңыздар

І– жүргізуші: Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

ІІ– жүргізуші: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім!

І– жүргізуші: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

ІІ– жүргізуші: Жел боп қуып, ақыры жетер едім!

І– жүргізуші: Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

ІІ– жүргізуші: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім!

І– жүргізуші: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

ІІ– жүргізуші: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін!!!

І– жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің.

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің,

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің???

ІІ– жүргізуші: Иә, махаббат – біреуге қуаныш, екіншісіне жұбаныш болған ұлы сезім ғой, шіркін...

І– жүргізуші: Махаббат демекші, Айназ, мен саған осы тақырыпта бір жаңалық айтып берсем...

ІІ– жүргізуші: Иә... Иә...

І– жүргізуші: Вэн Чанлинь мен Чжан Фэн алғаш рет Вэн қыздың науқас әкесіне күтім жасап жүргенде таныс болатын. Ол Қытай деревнясындағы танымал емші еді. Ол кезде оның жасы 60-та, ал Чжан 15-те ғана болған.

ІІ– жүргізуші: Емші қыздың әкесін емдеп жүрген кезде қызға қандай да бір қызығушылық танытқан емес, үнемі алыстан сөйлесетін. Ал әкесі қайтыс болысымен бойжеткен Вэнге өзінің ғашық екенін жеткізіп, үйленейік деп жалынып жалбарынады.

І– жүргізуші: Ол кезде бойжеткен 27-де, болашақ күйеу 72-де еді. Көп ойланбастан Вэн келісім береді. Бұл жұптың Тиан есімді ұлдары дүниеге келіпті жуырда...

ІІ– жүргізуші: Чжан мен Вэн бір-бірін шын жақсы көріп, бақытты өмір сүруде деседі.

І– жүргізуші: Иәәә... Тылсым дүниенің ғажайыптары таусылған ба?! Жаратқанда ұлт жоқ, махаббатта шек жоқ деген бар емес пе?!

Музыкалық үзіліс: _______________________________________________

І– жүргізуші: Махаббат – биік шыңы сезімдердің,

Мен бүгін түні бойы көз ілмедім.

Махаббат па, балалық па, білмедім,

Бір уыс жүрегіммен сезінгенім.



ІІ– жүргізуші: Балайды біреулері өтпеліге,

Расымен де сезімім өтпелі ме?

Бәлкім бұл балалықтың легі болар,

Немесе менің де бой жеткенім бе?



І– жүргізуші: «Ғашығыңмен бір билеші» - дейді досым,

Көріп алып үнділердің киносын.

Әзілдеуін доғармас осы адамдар,

Жағдай орнап жатса-дағы бір тосын.



ІІ– жүргізуші: Тағы да бір танысыма жүгіндім:

«Бір кездері абайсызда сүріндім.

Аңдап басқай әр қадамды, болмаса

Кейіндері өкіндірер бұрынғың...»



І– жүргізуші: Танысымның тамаша бұл жауабы,

Жақсы істердің мол болады сауабы.

Шынымен де ғашық болып қалсам мен,

Жас жүрегім анық іштен тынары.



ІІ– жүргізуші: Қыздың жолы жіңішке ғой қашан да,

Жеткізе алмай жан сырымды сол жанға.

Тынарым хақ ішімнен, иа болмаса,

Тағдыр басқа салғанынан қашам ба?!



Ән: _______________________________________________________

КВН:

І – ойыншы: Бір қыз әруақтардан қатты қорқады екен. Бір күні дискотекадан қайтып келе жатып, түнде зираттардың ортасымен өтіп келе жатса, бір жігіт шығып:

  • Қарындас, ренжімесеңіз мен сізді өткізіп жіберейін, - депті. Қыз келіседі. Жігіт зираттардан өткенше қызға неше түрлі анекдоттар айтып күлдіріп, қорыққанын ұмыттырып жіберіпті. Өтіп болған соң қыз:

  • Рахмет сізге! Қорыққанымды ұмыттырдыңыз, өзіңіз бір комик кісі екенсіз, - десе жігіт:

  • Ой бұл ештеңе емес қой... Мен тірі кезімде вообще комик болғам,-депті...

ІІ – ойыншы: Бір күні аңдар жиналысы болып жатса, бір тышқан қ-а-ш-ы-ң-д-а-р, қ-а-ш-ы-ң-д-а-р деп айғайлап жүгіріп келе жатса, аңдар қашып кетіпті. Намысқа тырысып, арыстан қорыққаннан дір-дір етіп:

  • Не болды? – деп сұраса,

  • Папам мас, ұстап алса өлтіреді, - депті...

ІІІ – ойыншы: Асабаларымыз апталап үйге қонбай кетеді екен. Сондай бір асабаның кішкене баласы біркүні анасына:

  • Мама, біздің үйдегі домбыра шертетін ағай қайда кеткен? – деген екен...

Музыкалық үзіліс: ____________________________________________

І– жүргізуші: Қымбатты, достар! Келесі кезекті логикалық сұрақтарға берсек...

ІІ– жүргізуші: Қойылған сұрақтарға кімде-кім дұрыс жауап берсе, сый-сыяпатымыз бар...

І– жүргізуші: Сонымен, алғашқы сұрағымыз: Қазақстан мен Қытайдың арасында не бар? (мен)

ІІ– жүргізуші: Ти десем тимейді, тиме десем тиеді... (қырсық қыздар)

І– жүргізуші: Қашсаң қуады, қусаң қашады... (кәндек иттер)

ІІ– жүргізуші: Ненің көлеңкесі болмайды? (көлеңкенің)

І– жүргізуші: Қап-қара, төртбұрышты. Ол не? (жұмыртқа)

Неге қап-қара, төртбұрышты деп ойлайтын шығарсыздар... Өйткені, мен әппақ, сопақ десем бірден тауып алар едіңіздер ғой...



ІІ– жүргізуші: Русалка балық па, қыз ба? (бас жағы қыз, аяқ жағы балық)

І– жүргізуші: Тауық бірінші пайда болды ма, жұмыртқа ма? (оның жауабын ешкім таппаған екен)

Музыкалық үзіліс: ____________________________________________

ІІ– жүргізуші: Демеңіздер өнерін аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Жиылған жұрт, рұқсат болса егер,

Концертіміз осымен аяқталды.



І– жүргізуші: Уақыт бөліп, кешімізге қонақ болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Соңынан би кеші...
Каталог: uploads -> doc -> 1295
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1295 -> Сабақ: №19 Пәні: информатика Мектеп: №7 Оқытушының аты-жөні: Исаева А. Ж күні
1295 -> Сабақтың тақырыбы: Центрлік және осьтік симметриялар Мұғалімнің аты-жөні: Тастанова С


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет