Бекітемін: Г.Құсайынова
12.01.2017ж
Тақырыбы: Қазақтың салт - дәстүрін құрметтеу
Мақсаты: білімділік - қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал - мәтелдерін үйрету.
тәрбиелік - имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
дамытушылық - елжандылыққа, терең ойлауға, өнер сүюге, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамыту арқылы нығайту.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты, ойын түрінде
Сабақтың барысы
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғамдық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс - бұрысы бар деуге болмайды. Енді салт - дәстүрлеріміздің алғашқы кезегі ойындар түріне қысқаша тоқталып өтейік.
АУДАРЫСПАҚ - бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір - бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үстінде отырып бірін - бірі аударып аттан құлатуы керек.
АСЫҚ ОЙНАУ - бірнеше балалар жиылып алып асық атысып ойналады. Әрбір асықтың құлағаны әртүрлі есептелініп, әртүрлі аталады.
АҚСҮЙЕК – ақсүек алысқа лақтырылады, яғни кешқұрым уақытта оны тауып алу қиынырақ, сондықтан бұл ойынның қызығы кім бірінші іздеп тапса сол жеңімпаз. Ауыл жастары жиналып іздеуге кіріседі, таппай артынан оралған адам не өлең, не болмаса жұмбақ жасырып, яки өлең айтып беруі керек.
АРҚАН ТАРТЫС - арқанның екі жағына балалар бөлініп тұрады да тартысады. Қай жақ жылдамдық танытып бірінші өз жағана тартып алса сол топ жеңімпаз атанады. Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4 - 6 жасқа келгенде ат үстінде өзін - өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер - тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандорба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Мұғалім: Негізі салт - дәстүрлеріміздің өзі ішінара бірнеше топтарға бөлінеді, мына сызба бойынша түсіндіріп кетейін.
Тәрбие дәстүрі
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Еңбек, отбасы, тұрмыс дәстүрі
Еңбек, отбасы, тұрмыс дәстүрі - аңшылық, бәйге, отпен аластау, дастарханға бата;
Тәрбие дәстүрі – бесікке салу, алтыбақан, ұлттық ойындар;
Қорытынды
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда!
Үйге тапсырма: 10 түрлі салт – дәстүрлерді жаттап, мағынасын ашып баяндап келу.
Күні: 2.12.2016ж
Бекітемін: Г.Құсайынова
Ашық тәрбие сағаты «Елбасы еңселеткен Елорда»
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Саламат сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Нұрсауле сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 21 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2- Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін тыңдайық.
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
І жүргізуші: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
ІІ жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
І жүргізуші: Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
ІІ жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
Оқушы Монологы. «Менің Президентім».
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
Оқушы Монологы «Менің Президентім». Темірлан
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?
Ән: «Жаса Қазақстан»
1- оқушы., мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
3- оқушы.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
Би «Бипыл»
І жүргізуші Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ.
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
ІІ жүргізуші
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
І жүргізуші
Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ жүргізуші
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
І жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
ІІ жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды
І жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
ІІ жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
І жүргізуші : Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
ІІ жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
ІІ жүргізуші :
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
І жүргізуші :Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
ІІ жүргізуші : 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән «Атамекен» қыздар
1-оқушы: «Елбасына» Мөлдір
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
2-жүргізуші:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1 -жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Күні: 15.12.2016
Бекітемін: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Құсайынова
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
Мақсаты:
1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған 22 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін тереңдету.
2. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, дүниетанымын, ойлау және есте сақтау қабілетін, сөздік қорын дамыту, ой қорыта білуге дағдыландыру.
3. Топта ынтымақтаса жұмыс жасауға, тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, флипчарт, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мемлекеттік әнұран орындалады.
«Сағат бойынша достар» тренингі
ІІ. Үй тапсырмасы
Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХV ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХVІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.
«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Міне, біз сіздермен бірге тарихқа қысқаша шолу жасадық. Егемен еліміздің тарихы және оның болашағын бүгінгі ұрпақ қалай елестетені туралы топтар дайындап келген жобалардан көре аламыз.
Әр топ өздерінің таныстырылымдарын қорғайды.
«Қыран» тобы – Қазақстан: кеше
«Тұлпар» тобы – Қазақстан: бүгін
«Шаңырақ» тобы – Қазақстан: ертең
Әр топ басқа топтың таныстырылымын «екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды.
ІІІ. Мәнерлеп өлең оқу
Әр топқа өлеңдер беріледі. Оқушылар өлеңді алдымен жеке оқиды, содан кейін әр топтан бір оқушы өлеңді класқа мәнерлеп оқып беріп, өлеңнің мазмұнынын айтады.
«Қыран» тобы – М. Шаханов «Төрт ана»
«Тұлпар» тобы – М. Шаханов «Желтоқсан алаңы»
«Шаңырақ» тобы – Ұ. Есдәулетов «Қазақстан»
ІV. Өткен жылдар жемісі
Әр топ Қазақстан тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерге шолу жасайды.
V. Өз тарихыңды білесің бе?
1. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасыр)
2. «Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр (Құтылығұлы Күл-тегін)
3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым (Әбу Насыр Әл-Фараби)
4. «Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы (Бұқар жырау)
5. Қорқыт Ата ескерткіштерінің қандай ерекшелігі бар? (ескерткіш жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады)
6. Соңғы Конституция қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
7. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)
8. Ұлттық валютамыз теңге қай жылы айналымға енгізілді? (1993 жыл)
9. «Менің Қазақстаным» әні қай жылы жаңа әнұран болып қабылданды? (7 қаңтар 2006 жыл)
10. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)
VІ. Ой толғау
«Тәуелсіздік – тәу етер тұғырымсың» тақырыбына эссе жазу.
VІІ. Кері байланыс
«Шығу картасы»
Маған оңай болды ______________________________________________________________.
Мен өзімді _____________________ мақтай аламын.
Мен топтағы кластастарымды _____________________ мақтай аламын.
Менің ойымша _____________________ орындай алмадым, себебі _____________________.
Келесіде ¬_____________________ ескеремін.
VІІІ. Қорытынды
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Елімізді өркендетуге сендер де болашақта ат салысады деп сенемін.
Бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған класс сағатымызды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.
Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы.
Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелішаңырағымыз.
Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.
Лайым бетімізден жарылқасын!
Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген сөзімен аяқтағым келеді
Күні: 9.01.2017ж
Сабақтың тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала
Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже 1. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
2.Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар (журнал)
Сабақта қолданылатын материалдар:
Слайд, суреттер, сызбалар
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі • Психологиялық дайындық:
«Жүректен жүрекке» ойыны
-Денің сау болсын
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Әжеңнің шуағы бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Биші бол!
-Әнші бол!
-Өнерің өрге жүзсін!
-Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет! -Рахмет!
-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.
Топқа бөлу
1. «Білімді бала»
2. «Ақылды бала»
II. Жаңа сабақ Тақырыпты ашу.
Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)
Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті бала – арлы бала!»
1-ші тапсырма:
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастыру. Жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсету.
1-топ: «Әдепті бала» күн шуағы
2-топ: «Әдепсіз бала» бұлт
III. Ой- толғаныс Топтық жұмыс.
2-ші тапсырма
Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтқызу.
1-топ: «Әдепті бала» туралы тақпақ айту
2-топ: «Әдепсіз бала» туралы тақпақ айту
3–ші тапсырма
1-топ:Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
2-топ:Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?
IY.Сергіту сәті И.Нүсіпбаев ағамыздың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін хормен орындау.
Оқушымен жұмыс -Ойын : «Жалғасын тап»
- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.
(экраннан көрсету)
-Ұқыптының тоны тозбас
............................................
(ұқыпсыздың ісі оңбас)
-Әдептілік белгісі
..............................
(Иіліп сәлем бергені)
-Сәлем түзелмей,
............................
(Әлем түзелмейді)
-Аға әдепті болса
................................ (іні әдепті)
-Әдепті бала ата-анасын мақтатар
........................................................
(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
-Ана әдепті болса
...............................
(қызы әдепті)
Музыкалық үзіліс (Би)
4-ші тапсырма
- Абай атамыздың жақсы-жаман әдет туралы қандай өлеңін білесің?
-Абай кім?
-Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны.
«Адам болам десеңіз»
-Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Адам болам десеңіз.
1-топ: 2-топ:
Бес асыл іс Бес дұшпан іс
Талап Өсек
Еңбек Өтірік
Терең ой Мақтаншақ
Қанағат Еріншек
Рахым Мал шашпақ
Y.Қорытынды Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.
-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.
Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.
Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.
-Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.
Кері байланыс
«Тілек ағашы» Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады.
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады. Тәрбие.орг сайтынан Әдепті бала - арлы бала Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Күні: 3.02.2017ж
Бекітемін: ГүҚұсайынова
Достарыңызбен бөлісу: |