Бекітемін: Г.Құсайынова
Тақырыбы: «Еңбек түбі – береке»
Мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.ИД
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу-2 мақал – мәтелді ң жалғасын табу керек
Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.
Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. (оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.
\
Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны тамашалаңыздар.
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды
Күні: 19.01.2017ж
Бекітемін: тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Г.Құсайынова
Тақырыбы: Жер тағдыры – Ел тағдыры
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру. Туған жер табиғатты қорғауға.
«Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы».
Табиғатың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!
Ей, адамдар,
Күн мен гүлден жаралған
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі –
Жер Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
Ах, ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?
«Бүгінгі біздің арамызда қасиетті Жер - Ана, туған халқымыздың аяулы ұлдары, ұлы ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби, Асан Қайғы, қыл қобызын ұрпағым деп күңіренткен Қорқыт аталарымыз құрметті қонақ болып отыр. Сөз кезегі сіздерде, асыл бабалар!»
Жер – Ана: Оу, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, көк шалқар көлдер мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік», - деп, толғана үн қатты.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, жалы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
Қорқыт ата: - Қара тауларың құламасын,
Саялы ағаш сынбасын,
Қанаттарын қырқылмасын!
«Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. «Табиғи байлықты игердік, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп» өзімізге - өзіміз қастандық жасадық, Семейді палигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық. Тың жерді эрозияға душар еттік. Өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық. Осыған кім кінәлі? Өзіміз»
Қамқоры кім жерімнің,
Панасы кім?
Даласы мұң елімнің,
Ауасы мұң
Тап болды бір заманға
Сәбилері
Уланатын сүтінен анасының.
«Қазақстанда экологиялық жағдайы төзімсіз халге жеткен бірнеше қала бар. Бұл ел мен жерді ойламай, ешкіммен санаспай, есептеспей жасалған әрекеттердің жемісі».
Жерұйықты бабамның қойған аты
Осы жерде қойылған ай қанаты.
Құрбан болды бәрі де,
Адамымен
Қоса шегіп зардапты хайуанаты.
«Көне Үнді халқының «Табиғат пен тасырлық» атты аңызын еске түсіре кету керек сияқты. Ерте кезде бір патшалық мол байлықта өмір сүрген. Оның тұрғындарының да байлығы күннен-күнге таси берген. Бір кездерде олар табиғат анадан қол үзе бастаған, тәкәппарлық пайда болған. Табиғаттың даналық заңдарын елемеуге шығып, ойына келгенін істеген. Ойланбастан - ақ жануарларды жойып, өсімдіктерді қуратып, құнарлы жерді аздырып, тоздырған, ең ақыры өзендердің ағысын басқа жаққа, бағытқа бұрған. Найзағай мен түн қараңғысын бағындырып, аспанның биігіне бүркітпен де ұшқан. Бірақ осы байлықтың, шат өмірдің көзі табиғат байлығы екенін патшасынан бастар жеке тұрғындарына дейін бірде-біреуінің ойына келе қоймаған. Бірде ойламаған жерден аспаннан қанаты жоқ қара-құрым құстар қаптап келіп, оларды бас салған. Тоғыз күндей патшалықтың қалаларын от пен судың тасқынымен қиратып, төңірегіндегілердің бәрін жойып жіберген».
«Табиғатты қорғауда ата-аналардың ескерткен тиым сөздерін еске түсірейік». Олар:
«Обал болады» деп, егінді, шалғынды бейсауыт бастырмайды;
«Көктей соласың» деп, жамандыққа жорып, көкті жұлғызбайды;
«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды;
«Қарағай кессең, қаңғырып қал» деп, өсіп тұрған ағашқа тигізбейді;
«Қарғысы қатты» деп, жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді;
Құмырсқаның илеуін бұзғызбайды;
«Аңшы мен бала» көрінісін тамашалайық.
Аңшы: Құс аулауға шығамысың?
Бала: Шығамын.
Аңшы: Атқаныңды жығамысың?
Бала: Жығамын.
Аңшы: Мә, мылтығым, атамысың?
Бала: Атамын.
Аңшы: Сен атып қайт, мен демалып жатамын.
Аңшы: Құсың қайда қарағым - ау?
Бала: Атпадым.
Аңшы: Таппадың ба тоғайдан құс?
Бала: Таппадым,
Аңшы: Көп еді ғой көлде құс.
Бала: Көп екен.
Аңшы: Я, неге атпадың?
Бала: Түк дәлелім жоқ екен.
Аңшы: атуға сен қимадың ба?
Бала: Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз.
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
Күні: 16.02.2017ж
Бекітемін. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Құсайынова
Тәрбие сағатының тақырыбы : Табиғат – тіршіліктің көзі (Сайыс)
Мақсаты : оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
Әдісі : сұрақ –жауап, мақал –мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық » слайд көрсету, өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал –мәтелдер жинағы
Табиғат –бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе-теңдік үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ –жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.
І- кезең:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
-Табиғат ! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
-Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс –мекені, алтын ұя бесігі, құт –берекесі. Адам үшін табиғат –ең қасиетті де қастерлі ұғым.
-Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етеңе байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқолық керек екеніне ерекше мән берген.
ІІ кезең:
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
-Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер –біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиаттымызды да, сүйе білуіміз керек.
* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат » деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай ?, аңдарымыз ше? , ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.
ІІІ кезең:
Табиғатқа байланысты қандай мақал-мәтедер білеміз?
Көлдің көркі –құрақ, 2. Орман –ел дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.
3. Сулы жер –нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
ІV кезең:
Топтарға сауалнама
1-топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу)
2- топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың пікірін талдау
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю –парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру –парыз
Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!
«Атамекен» әні орындалады
Достарыңызбен бөлісу: |