Сабақ пен жапырақ вегетативті мүшелерді салыстыру (салыстыру)
Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі – сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақты сағақсыз жапырақ дейді. Жапырақ тақтасының негізгі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді.
Сағақты жапырақ
1. Жапырақ тақтасы
2. Сағақ
Сағақсыз жапырақ
Жапырақ тақтасының пішіндері
Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әртүрлі болады. Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді. Бидай, қарабидай, жүгері, арпа – таспа тәрізді. Жөке, гүлшетен, - жүрек пішінді. Құсшөп – бүйрек пішінді. Шырмауық – жебе тәрізді.
Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (мысалы: терек, қарағаш, қайың, жөке ағашатары, т.б.)
Күрделі жапырақтар
Бір сабақта 2 не одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді
Күрделі жапырақтар жапырақшаларының орналасуын қарай: 1. үшқұлақты күрделі, 2. саусақ салалы күрделі, 3. қауырсын тәрізді күрделі деп 3-ке бөлінеді
1. Үшқұлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапрақша болады, мысалы: беде, соя және т.б.
2. Саусақ салалы күрделі жапырақта сағақта 5-7 не одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора
3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Жүйкелердің қызметі.
1) ЖАПЫРАҚ ҚАБАТТАРЫНА СУ МЕН ОНДА ЕРІГЕН МИНЕРАЛДЫ ТҰЗДАР ЖЕТКІЗІЛЕДІ; ТҮЗІЛГЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР БАСҚА МҮШЕЛЕРІНЕ ТАРАЛАДЫ.
2) ЖАПЫРАҚҚА БЕРІКТІК ҚАСИЕТ БЕРЕДІ.
Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді
Қауырсын тәрізді жүйкелену
Саусақ салалы жүйкелену
Параллель жүйкелену
Доғалы жүйкелену
Жапырақтың жүйкеленуі
Қауырсын тәрізді жүйкелену – тал,терек, алма, алмұрт ағаштары
Жпаырақтың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі.