Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп. 2021 – 2022 оқу жылы


Сұрақ:---Сөз тіркесі дегеніміз не?Сөйлемнен сөз тіркесін тап?



бет4/6
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс әрекетті зерттеу есеп

Сұрақ:---Сөз тіркесі дегеніміз не?Сөйлемнен сөз тіркесін тап?
Толық мағыналы сөздердің өзара бірі бағындыра ,екіншісі оған бағына байланысу сөз тіркесі деп аталады.Ол сұраққа сенімді жауап берді.
Үлгерімі орта Ж (В деңгейлі) оқушым оң жақтағы жиырма ұяшығын таңдады. Ол сұраққа жаңылысып барып,жауабын айтты.
Сұрақ:---Тілдің қатысына қарай дыбыстар нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстарды ата?
---Тілдің қатысына қарай дыбыстар:дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.Дауысты дыбыстар:а,ә,ы,і,о,ө,ұ,ү,у,һ,э,ю,я Үлгерімі төмен Ш(Сдеңгейлі) оқушым жоғарыда ескерткен жағдайға қарамастан оң жақтағы отыз яғни жоғары балды ұяшықты таңдады.
Сұрақ:- Буын үндестігі дегеніміз не? Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата??
Бұл оқушы сұраққа жауап бере алмай, достарына жүгініп, олардың дұрыс жауабын тыңдай отырып, мен оның келесі сабаққа дайындалып келетінін ескерттім. Барлық оқушылар деңгейіне қарай таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап берді. Мағынаны тану барысында «Адасқан әріптер» көмегімен Д(А деңгейлі)оқушым сыныптастарынан оза шауып, шапшаңдық танытып, жаңа сабақтың тақырыбы «Сөз тіркесі» екенін бірінші болып айтты.Ж(Вдеңгейлі) оқушым кішкене әріптерді реттеу барысында уақытты үнемдей алмады, бірақ жауабы дұрыс болды.Ал Ш(С деңгейлі) оқушым әріптерді ретсіз орналастырып, достарының көмегіне жүгініп, жауап беруге жылдамдық жасамады.Әлеуметтік –мәдени теориядағы маңызды ұғым-жақын арадағы даму аймағы.Выготскийдің айтуы бойынша,жақын арадағы даму аймағы(ЖАДА)-оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық.Негізінде,бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын,бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдермен дағдыларды қамтиды. (М.а.нұсқаулық.37-бет)Жаңа тақырыпқа қатысты оқушыларға жұп арасында,топ арасында орындалатын түрлі тапсырмалар берілді. Оқушыларды жауап бергеніне байланысты түрлі -түсті жұлдызшалар беріп отырдым. Оқушыларға І топқа "Қандай спорт түрлерін білесіңдер?ІІ топқа "Қазақстанда қандай атақты спортшылар бар?" ІІІ топқа "Спорттың адам денсаулығына қаншалықты әсері бар?"Осы сұрақтар бойынша оқушыларға флипчартпен жұмыс бердім.
Оқушылар менің бұл тапсырманы беретінімді күтіп отырғандай бірдесінен жұмысқа кірісіп кетті. Алғашқы сабағымда оқушылар постермен жұмыс істеу барысында уақытты үнемдей білмеді, ал енді барлығы бірдей жұмылып, кірісіп кетті.Сабақ барысында оқушыларға ұялы телефонды пайдалануға болатынын айттым.Олар бірден интернет желісінен іздеуге кірісе кетті. Постерді қорғау барысында Д (А деңгейлі)оқушым Қазақстан спортшылары туралы мәліметті кең түрде айтты, сонымен қоса ол да Қазақстанға белгілі тенисші болғысы келетінін айтып кетті.Үлгерімі орта Ж(Вдеңгейлі)оқушым ұялы телефоннан өзіне керекті мәліметті, өз білгендерін флипчартқа түсіргені болмаса, постер қорғауға шықпады. Ойын еркін жеткізе алмайтын, грамматикалық қателерге көп жол беретін Ш(Сдеңгейлі) оқушым өз тобының постерін қорғауда өз ойын жеткізе алды. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?деген сұрақ бойынша беріле, белсене қатысып отырғанын байқадым.Ол постер қорғауға шыққанда спорттың бірнеше түрін айтып шықты.Сонымен қатар өзінің де тайквандоға қатысатынын және спорттың адам денсаулығына зор әсер ететінін айтты.Мен жасыл стикерді бергенімде, оның көзінен қуаныш сезімі байқалғанын көрдім.Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен диалогқа түсу арқылы ақпарат алды.Шығармашылық жұмыс орындау барысында оқушылар өз білім деңгейлерін қолдана білді. Бұл тапсырмадан кейін оқушылар ынталанып, сабаққа деген қызығушылығы арта түсті.Бағалау барысында бір-бірін басбармақ әдісімен қалыптастырушы бағалармен бағалап отырдым.

Сабақ соңында оқушыларды стикерлерінің санына қарай жиынтық бағамен бағаладым.Түрлі-түсті стикерлер баланың көңілін көтеріп, сабаққа деген ынта-жігерлерін арттырғанына көзім жетті.Екінші сабағымда оқушыларды жұлдызшалармен қызыл жұлдызша "3",сары жұлдызша "4",жасыл жұлдызша "5"деген бағалармен бағалағанымда бағаның әділ бомағанын түсіндім.Келесі сабағымда осы баға жөнінде жұмыс жасау керек екенін білдім.Сабақ соңында оқушыларға стикер таратып беріп, сабақтан алған әсерлері туралы жазуын өтіндім. Балалардың кері байланыс жасаған жұмыстарымен таныстым. Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасағандықтан ешқандай қиындық болмағанын ,топта еркіндік орнағанын жазыпты. Кері байланыс кезінде балалардың сабақты толық түсінгендерін,тағы да топтық жұмысты қалайтындары жайлы жазыпты.


Сыншы достарыммен бірлесе отырып,келесі сабақты жоспарлауда оқушыларды баллдық жүйемен бағалағым келетінін айттым. Оқушыларға өзін – өзі бағалау парағын таратып беріп, осы тапсырманы бағалау критерийіне назар аударттым. Тапсырмаларды орындағаны үшін,қызыл -1 балл,сары -2 балл,жасыл -3балл деп бағаның орнына балмен есептелетінін әр дискрипторға мұқият қарауларын ескерттім.Үй жұмысын "веер"әдісімен сұрадым. Үлгерімі жоғары Д(А деңгейлі)оқушы сұрақтарға жауап беру барысында белсендігін ,өзінің көшбасшылық қасиеті бар екенін көрсетті, үлгерімі орта Ж(Вдеңгейлі) оқушым да сұрақтарға толық мысалмен жауап берді.Үлгерімі төмен Ш(С деңгейлі) оқушы сұрақтарға дұрыс шамасы келгенше жауап берді.Мен С деңгейлі оқушымның сабаққа деген ынтасының артқанын көріп,қуанып қалдым.
Келесі жұптық жұмысты ойын түрінде бердім. Себебі оқушы ойын кезінде ынталанып, пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Бұл тапсырмада оқушылар «қазақ тілі жанашырлары » тақырыбында тілші оқушылардан сұхбат алуға және талқылауға шақырдым.Оқушылар ойын басында ойынның шартын түсінбей , тапсырмадан ауытқып отырды. Қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алмады, бірақ жағдаяттан шығуға үйренді. Бұл ойын арқылы қандай нәтижеге қол жеткіздім: оқушылар тапсырма төңірегінде әңгімелесуге, сұрақтарды нақты және сауатты қоя білуге үйренді.Үлгерімі жоғары Д(А деңгейлі)оқушы мен Ж(Вдеңгейлі)оқушы ойынға қатысып, өз бақтарын сынап көруге бел байлады.Ал Ш(С деңгейлі)оқушым тартыншақтап қатысуға қарсылығын білдірді.Бірақ қызыға қарап ,былай деп жауап берсей деп,өз ойын айтып отырды. Сабақ соңында оқушыларға стикерлерінің санына қарай жиынтық баға қойып, «Бағдаршам» әдісімен кері байланыс жасалынды. Кері байланыс кезінде балалардың сабақты толық түсінгендерін «Бағдаршамның жасыл түсін» бірыңғай көтеру арқылы анықтадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет