Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп. 2021 – 2022 оқу жылы



бет5/6
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс әрекетті зерттеу есеп

1) Сабақта қандай тапсырма ұнады? 2) Бүгінгі сабақта кім белсенділік танытты? 3) Бүгінгі сабаққа айтар тілектерің? деген сұрақтарға «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісімен кері байланыс жасадым.




Кері байланыс кезінде балалардың жазған жұмыстарымен таныстым.Сабақта барлық тапсырмалар ұнағанын оның ішінде рөлдік ойынның қызық өткендігін және сабақта өте жоғары белсенділік танытқан Д(А), Ж,(В), С, Д, Р есімді оқушылар екенін өздері бағалап көрсетіпті және барлық пәндер осылай өтсе деген ниеттерін де жазыпты.Мен бұл сабақта балдық жүйе бойынша бағаланғанда әділ бағаланатынын білдім.Сыншы достарым ВС деңейлі оқушылардың күнен күнге сабаққа деген белсенділіктерінің артып келе жатқанын жасырмады.Бірлесе отырып, келесі сабаққа жоспар жасауда Д(А деңгейлі) оқушыға қосымша тапсырма беру керек екенін айтты.Себебі оның оқулықтағы тапсырмалар оңай болып жатқанын ескертті.Соңғы сабақты бастамас бұрын, бірлесе критерийлер қойып алдық.Үй жұмысын «Ою-өрнек» перфокартасы арқылы пысықтадым. Перфокарта 9 ұяшықтан жасалған тест. Әр ұяшықта бір сұрақ ,үш жауабымен оқылды.Жауаптар дұрыс белгіленсе, тақтадағы ою-өрнекпен бірдей болуы керек. Сыныпта Д(А деңгейлі),Ж(В деңгейлі) оқушылардың жұмыстары тақтадағы ою-өрнекпен тең келді.Ою-өрнектері сәйкес келмеген Ш(Сдеңгейлі) оқушыларға достарының көмегімен толықтырулар ендірілді. Топта орындалған тапсырмаларға қызығушылық танытып,достарының көмегенің арқасында сабаққа ынтасы артқаны байқалды. Сабағымда дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында тапсырмаларды орындатқыздым. Алдыңғы тақырыптардан алған білімдерін қорытындылау мақсатында оқушыларға тапсырмалар бердім. Оқулықтағы тапсырма бойынша рөлдік ойын ұйымдастыру керек еді.Д(А деңгейлі),Ж(В деңгейлі) оқушылар өзара рөлдерге бөліп берді.Ш (Сдеңгейлі) оқушым рөлдік ойында өзін керемет көрсете білді. Бұл тапсырмадан кейін оқушылар ынталанып, сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Сабақты «Телехабар"ойыны арқылы пысықтадым. Өтілген сабақты түсінген түсінбегенін байқау мақсатында смаликтерді қолдандым, оқушыларға түсінікті болғандарын байқадым.Барлықтарын стикермен бағалап, жиынтық баға қойдым.
Жоғары деңгейді көрсеткен Д оқушыма жалауды беріп, көшбасшы оқушы екенін айтып марапаттадым.Орта және төмен деңгейді көрсеткенЖ(В),Ш(С) оқушыларға алдағы уақытта белсенді оқушы болатынына сенім артып,кейінгі сабақтарда жалауды алуларына болатынын айтып өттім. Х есімді оқушымның анасы алғыс сөздермен жазылған хат жіберіпті.
Алғыс сөздерін оқып,іштей қуанып қалдым. Сыныптың оқушылары өздерін еркін ұстап, және бір-бірімен еркін ой бөлісіп, бірлесіп түсіндіріп, мұғалімге және өзінің сыныптастарына сұрақ қоя білді. Ш(Сдеңгейіндегі) секілді сыныптағы қалған оқушылардың да өз білімдерін жетілдеруіне ықпалы болғандығын түсіндім.
Бұрын оқушыларға жаңа сабақты өтер алдында сабақтың тақырыбы мен мақсатын өзім түсіндіріп келетінмін, бірақ оқушылар түсінгенсіп тыңдайтын еді.Осы курсқа барып келген соң, мен оқушыларымның өздеріне жаңа сабақтың тақырыбын да, мақсатын да шығаруды табыстадым. Ол үшін баланың ойын қозғайтын, тақырыпты ойланып табатындай тапсырма жасау керек немесе түрткі сұрақтар беру қажет екенін ұғындым. Бір ай бойы алған теорияны мектептегі іс-тәжірбиеде пайдаланып, жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасында қолдану арқылы , зерттеу арқылы нәтижесін көре білдім .Сабақта жеті модульдерді қолданғанда байқағаным, оқушының ойлауын дамыту, мұғалімнен, түрлі дереккөздерден, достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асатынын білдім. Менің бұл сабақтардан байқағаным, әр сабақ сайын баланың белсендігі, бір-бірімен жарысып оқуы, сабаққа қызығушылығын байқадым. Сабақтарымды өту барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, соның ішінде диалогтік оқыту кеңінен көріне білді. Әр сабағымда оқушыларды топтастыру арқылы олардың қарым-қатынасы жақсарғанын, диалог құрғанын байқадым. Оқушыға тақырыпты түсінікті болу үшін топтық жұмыстар, өзіндік жұмыс,сергіту сәтін, рольдік ойындар,кесте бойынша тапсырмалар беріп отырдым. Оқушылардың белсендігін арттыру үшін топты және оқушыны формативті бағалап отырдым. Өзін-өзі бағалату арқылы өзін реттеуге қалыптастырдым. Бұдан байқағаным, оқушы бір-біріне кеңес беріп, тапсырмаларды орындау үшін олар өздерінің болжамдарын, сұрақтарын айтып, алдына мақсат қойып, пікірлерін қорғап, баға қоя біледі. Төмендегі кестеде Блум таксономиясының бастапқы төрт деңгейіне сәйкес берілген жаттығуды орындаудағы байқалған іс-әрекеттері келтірілген. Осыдан «А» деңгейіндегі Дияраның өзгелермен өз білімін бөліскендігін, тобын алға жылжытуға ықпал еткендігін, «В» деңгейіндегі Жасмина тапсырманы орындаудағы белсенділігінен оның «А» деңгейіне көтерілуге мүмкіндігінің бар екендігін ұққандығын, «С» деңгейіндегі Шахрухтың бұрынғыдай үндемей отыра бермей, ашылып достарынан көмек сұрап, қарым -қатынасқа түскендігін,сабаққа белсендігі арттқанын байқадым.

Оқушының
аты-жөні

Табыс критерийі



«А» деңгейіндегі Дияра

«В» деңгейіндегі Жасмина

«С» деңгейіндегі Шахрух

Тұрақ ем құрау Сөйлем құрау

Өте тез жауап берді

Тез жауап берді

Ойланды

Ережесін айту

Ережені іркіліссіз толық айта білді.

Толық жауап беруге тырысты

Берілген сұраққа жауапты достарының көмегінен алды

Жаттығуларды орындауы

Қатесіз толық қорытып жазды

Үлгі бойынша жаза алды

Жазуда досының көмегіне сүйенді

Тапсырмаларды орындауы

Өз белсендігін таныта алды, жолдастарына көмек көрсете алды

Өз ынтасын көрсете білді, менімен кеңесті

Достарымен қарым-қатынасқа түсті,қызығушылығы артты

Сапалық қорытындылар (деректер) көбіне сандық қорытындыларды көрсету мақсатында қолданылатындықтан мен сабақтарымды бейнежазбаларға, фотосуреттерге түсірудің үлкен көмегін тигізді.
Алғашқы сабақтан кейін алған сауалнамада оқушылар бойында сенімсіздік бар екендігі байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет