Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп. 2021 – 2022 оқу жылы



бет3/6
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс әрекетті зерттеу есеп

Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыта отырып сөйлеу дағдыларын, ойларын жинақтап айту дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Диалогтік оқытуды барысында оқуға деген қызығушылығы, ынтасы, белсенділігі арттады, жаңа сабақты өздері меңгере отырып сөйлеу дағдылары, ойларын жинақтап айту дағдылары дамиды.
Бағалау-бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет.Қалыптастырушы баға оқушылардың білімінің сапасына, оқу дағдыларының қалыптасуына сабаққа деген ынтасының оянуына, дамуына көмектеседі. Оның негізгі мақсаты- оқушыларды білім алуға, оқуға деген белсенділігін арттыруға бағытталған. Қалыптастырушы баға оқушының ниетіне, ынтасына, ұмтылысына соларды өшірмей қайта дамыту үшін қойылатын баға. Сондықтан бағалаудың маңыздысы қалыптастырушы баға деп есептеймін. Оқу үдерісінде оқыту үшін бағалау стратегияларын дұрыс қолдану оқу дағдыларын жақсартады.Сол себепті оқушылар өзінің білімінің қай деңгейде екенін біледі, олар өзін-өзі және бір-бірін бағалай алады.
Зерттелінетін сыныбымда қалыптастырушы бағаны сабақ үдерісінде қолдану арқылы өз білімінің қай деңгейде екенін, оқушылардың өзара бағалау мен өзін-өзі бағалай алуы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқу сапасын арттыру мақсатында зерттеу жұмысын жүргізуді жоспарладым.Мектеп ұлттық мектеп болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиет пәндері екі топқа бөлініп оқытылады. Сыныпта 12 оқушы бар. Мені « Осы оқушылардың оқуға қызығушылығын қалай арттырамын? осы мақсатыма жету үшін қандай әдіс – тәсілдерді, стратегияларды қолдансам болады ?» деген сұрақтар мазалады. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын мен өзімнің сабағыма "Lesson study" тәсілін жүргізу мақсатында ағылшын пәнінің мұғалімі М.Г-ға (А) деңгейлі оқушыны яғни ,Рахманкулова Дияраны бақылауға,математика пәнінің мүғалімі (М.Ж)-ға В деңгейлі оқушы Еркинова Жасминаны бақылауға, қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі (Ш.Б)-ға С деңгейлі оқушы Орманов Шахрухты бақылауды тапсырдым.Осы әріптестерімен бірлесе отырып, 7модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген төрт сабаққа арналған орта мерзімді жоспарды , күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша бірінші сабағымның қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Осы оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында топтық жұмысты қолданып көрейін деп ұйғардым.Осы топтық жұмыстың қаншалықты тиімді болғанын бақылау мақсатында үлгерімі жоғары оқушылардан Д есімді(А), үлгерімі орта оқушылардан Ж есімді(В),үлгерімі төмен оқушылардан Ш есімді(С)оқушыларды таңдап алдым.
6– сынып оқушыларының арасынан ынтасы мен қабілетіне қарай үш деңгейге бөліп алдым. Зерттеуге үш оқушыны алып,
алдыма қойған мақсатым бойынша қарастырдым:






А деңгейдегі оқушы - Р. Д.

В деңгейдегі оқушы -Е.Ж.

С деңгейдегі оқушы- О.Ш.

Оқушыға сипаттама

Үздік оқушы, тәртібі үлгілі, басқа оқушыларға қарағанда ойы зерек, тапқыр, дұрыс шешім қабылдай білетін, сыныптастарымен ынтымақтаста болатын және әр дайым ізденісте болатын оқушы.

сабақ үлгерімі жағынан қанағаттанарлық, бірақ өзгелерден ерекшеленетін дара қасиеті жоқ. Өзін көпшілік ортада көрсете бергісі келмейді, жауапкершілігі бар, өз –өзіне сенімсіз.

Өте ширақ, бірақ сабақта ойын еркін жеткізе алмайды. Тәртіпсіздігімен сабақта басқа оқушылардың көңілін өзіне аударады. Берілген тапсырмаларды орындауға тырысады,бірақ тиянақты орындамайды.



Зерттеу себебі

Зерттеуге алған себебі басқа оқушыларға қарағанда оқушының танымдық қабілетін анықтау.

Зерттеуге алған себебім де осы сенімсіздігін жойып, оқушының өз –өзіне деген сенімін және айтылым дағдысын қалыптастыру еді.

Бұл оқушыны зерттеуге алған себебім- оқушының қызығушылығын ояту, өзін ортада еркін ұстап, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өз – өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.



Осы зертелетін үш оқушының сабаққа деген белсенділігін, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасын, өзара бағалау мен өзін-өзі бағалай алуын, оқушының сөйлеу мәдениетін, сабақта берілген ақпараттарды білу, түсіну, қолдану деңгейлерін анықтау мақсатында сабақтар өттім.Тізбектелген сабақтарымның тақырыптары:



  1. "Менің мектебім".Сөйлем,сөз тіркесі

  2. "Спортшы Бейбіт" ,

  3. "Қазақ тілі кабинеті",

  4. "Мектеп кітапханасы".

Тізбектелген сабақтарымда оқушыларға бағыт – бағдар беріп отыру арқылы, сабағымды жүргізуге тырыстым.Өз сабақтарымда сұрақтарға жауап алу мақсатында «қарлы кесек» әдісін, «телехабар»,шағын перфокарталық тест,қыз қуу ,веер, ыстық орындық сияқты әдіс-тәсілдерді қолдандым. Әр сабағымда топ ішінен топ басшысы сайланды.Ондағы мақсатым- оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамыту еді, сонымен қатар дарындылығы мен таланттылығын байқау мақсатында рөлдік ойындар өткіздім, сабаққа деген ынтасын ояту мақсатында қалыптастырушы бағалар беріп, әр сабақта оқушылармен бірлесе отырып критерий қойып отырдым, айтылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында диалогқа түсіріп отырдым, сын тұрғысынан ойлату мақсатында миға шабуыл әдісі арқылы адасқан әріптер (жаңа тақырыпты ашу үшін) постер қорғаттым, жас ерекшелігіне байланысты оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындаттым.Оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қолдандым.Сабақ беруде, ғылыми теориялық ұғымдарды түсіндіруде маңызды құрал болатын АКТ-мен жұмыс жүргіздім.Мен бұрын «дәстүрлі» оқыту кезінде көбіне сабақты өзім түсіндіріп, оқушылардан өзімнің айтқанымды қайта сұрайтын едім. Оқушыларды тапсырмаларды орындау барысында жеке жұмысты істейтін.Көбінде жақсы оқитын оқушылырмен жұмыс жасап, білім деңгейі төмен оқушымен жұмысты өте аз жүргізетін едім. Бағалауда оқушының жауап беруіне байланысты бағалайтынмын. Сабақ бір сыдырғы өтетін, оқушының ойымен санаспайтынмын.Оқушының даму мүмкіндіктері есепке алынғанмен, мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбады. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келді. Алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылды. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артпады, яғни оларды мұғалім өзі бағалады, осындай сәттерде дәстүрлі бағалаудың кемшілігі байқалып, оқушы үшін формативтік бағалаудың ауадай қажеттілігі сезіліп тұрды. Жаңа әдіс-тәсілдермен өтілетін сабағымда берілетін тапсырмаларымды оқушыларымның зерігіп кетпейтіндей, дайын біліммен шектеліп қалмайтындай етіп беруге тырыстым.Топтық жұмыстағы оқушылардың көшбасшылық қабілеті арқылы мақсатына сай жоспарланған сабақтарымның кейбір түйінді сәттері:


Сабақты бастамас бұрын оқушыларға бағалау критерий бойынша түсінік бердім.Олар қалыптастырушы баға, жиынтық баға туралы хабарсыз еді. Сабақта критерий бойынша бағаланатынын айтып, оқушылармен бірлесе отырып,критерий қойдық.
Сабаққа деген ынта, ықыластарын арттыру мақсатында қолыма бірнеше түрлі-түсті стикерлер яғни оның ішінде жасыл - бес,сары -төрт, қызыл -үш деген бағаның белгілерін алдым.Осы тізбектелген төрт сабақ барысында сабақта барлық тапсырмаларға белсендік танытып ,отырған оқушыларға мына жалауды тапсырамын,сол оқушы осы топтың көшбасшысы болады деп сабаққа деген құлшыныстарын оятып отырдым.
Алғашқы сабағымда оқулықтағы «Менің мектебім» тақырыбында диалогқа құру тапсырмасы берілген болатын. Бұл тапсырманы орындауда оқуды ұйымдастыруда бірден бірлесіп кете алмады. «С» деңгейіндегі Шахрух топ мүшелерінің кез-келгенімен диалог құра аламайтындығын. (В) деңгейлі Жасмина диалог кезінде бір-бірінің ойына келіспеушіліктерін, «А» деңгейіндегі Дияра үнемі өз пікірін ұсынып, өзгелердің пікірін ескермеуге тырысып отырды. Тапсырманы жеке дара орындап, маған көрсетуге асыққанын байқадым.Топқа бірін-бірі қалдырмай барлығы бірлесіп жұмыс істеу керектерін ұсындым. Осы ұсыныстан соң, постерлерін қорғауға топ мүшелері бірлесіп шығып, өз ойларын оқулықтағы мәтінмен байланыстырып жеткізді.
Әр сабақтың соңында оқушыларды стикерлерінің санына қарай жиынтық бағамен бағаладым.Түрлі-түсті стикерлер баланың көңілін көтеріп, сабаққа деген ынта-жігерлерін артқанын байқадым.Оқушылар бұл өтілген сабақтардың бұрынғы сабақтардан өзгешелігі бар екендігін айтып, ендігі сабақтарды да осылай өткізсек екен деп бір – бірімен шуласып жатты.
Сонымен қатар оқушы пікірін білу мақсатында сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алып отырдым. Оқушылар бірлесе отырып, жұмыс жасағандықтан ешқандай қиындық болмағанын, топта еркіндік орнағанын,Дияра(А деңгейлі) өзім жауапкершілікті сезіндім,Жасмина(В деңгейлі)сабақ барысында орындаған тапсырмалардың қайсысы қиын не жеңіл екендігін топпен бірлесе отырып жасағандықтан байқамадым, барлық орындалған тапсырмалар ұнады, Шахрух(С деңгейлі)Сөйлемнен сөз тіркестерін табуда достарымның көмегімен оңай түсіндім"-деп жазыпты. Оқушылар жетістіктерін сабақ барысында орындаған тапсырмалар кезінде алған стикер сандарын мақтанышпен және қуаныш сезімдерін де жазуды ұмытпапты.Оқушылардың осы кері байланыс жұмыстарымен танысқаннан соң, олардың топтық жұмыста белсенділігін байқадым.Ш(С деңгейлі) оқушыммен әлі де жұмыс жүргізу керектігін ұғындым. Осы кедергілерді жою мақсатында сабақтан соң сыншы достарыммен және оқушы кері байланыстарын қарап отырып, талқылау жүргіздік.
Келесі қысқа мерзімді жоспарлағанда күрделі тапсырмаларды ауызша орындауға, бірлесе отырып жұмыс жасағанда берілген тапсырмаларды орындауда уақытты шектеуге, критерийлерді алдыңғы сабақта беру керек екеніне көңіл бөлуді ескердім.
Оқушылармен бірге бұрын өткен сабақтарды еске түсіре отырып, жаңа әдіс – тәсілмен өтілген сабақтың оқушыларға берері көп екенін түсіндім.Кейін,бейнежазбадан бақылаған кезде зерттеуге алған «А» деңгейіндегі Дияра оқулықтағы тақырыпты түсіндіруде топ мүшелеріне өз ойларын айтуға мүмкіндік бергенмен, өзі толықтырып тұрғандығын байқадым. Ал «В» деңгейіндегі Жасмина өз ойын еркін жеткізе алмағандығын, оның кітапқа үнемі қарап, ойын шашыраңқы жеткізуінен көруге болады. Ал «С»деңгейіндегі Шахрух мүлдем ойын ашып айта алмады, кітаптағы мәтінді оқып берді.Зерттеуімнің мақсатына сай құрылған сабағымның алғашқысында өзгеріс болмады, себебі «А» деңгейіндегі дарынды оқушы көшбасшы болды.Бейне жазбадан байқасам, сабақтың басым бөлігінде өзім белсенді болыппын, яғни түзетулер мен толықтыруларды, жаңа сабақты түсіндіру мен бекітуді өз құзырлығыма алып, өзім көшбасшы болғанмын. Өздігінен жұмыс жасауына, өз ойын айтуына, көшбасшы болуына мүмкіндік бермегендігімді түсіндім. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген белсенділігі төмен екендігін ұқтым. Осындай әрекеттерді зерделей отырып, келесі сабақ жоспарымда топтағы оқушыларды рөлдерге бөлуді, өзіндік пікірін айта алатындай, ойлау деңгейін анықтап білетіндей жаттығуларды беру қажеттігін назарға алдым.Мен оқушыларды формативті бағалау арқылы әр тапсырадан соң, кері байланыстың болуының, ынталандырып отырудың керектігін сездім.Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, тапсырманың нәтижелі орындалуын қадағаладым. Әр топ ішінен топ мүшелерін анықтап болған соң, топ ережесін сақтау керектігін ескерттім. Сабақта белсенділік танытып отырған топ мүшелерін бағалау үшін «Бағалау парағын» ұсындым, оны топ басшылары оқушылармен бірлесе отырып, қойған критерийіне қарай бағалап отырды. Ондағы мақсатым- оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамыту еді.(Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білімберілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, мұғалімдердің, нәтижелеріне бағдарланған((МАН ІІдеңгей)Үй тапсырмасын жас ерекшеліктерін ескере отырып,"Ғажайып қоржын"деңгейлік тапсырманы орындау арқылы пысықтадым.
Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында 10, 20, 30сандары жазылған ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беретіндерін және ұяшықтағы сандардың көлемі жоғарылаған сайын қиын сұрақтар болатынын ескерттім. Үлгерімі жоғары Д (А деңгейлі) оқушым ортадағы отыз ұяшығын таңдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет