Сабақты зерттеу жайындағы рефлексивті есеп. 2021 – 2022 оқу жылы


Сыныптан алынған мониторинг көрсеткіштері



бет6/6
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс әрекетті зерттеу есеп

Сыныптан алынған мониторинг көрсеткіштері:

Алғашқы сабақтан соң алынған сауалнама:





Сұрақтар

Ия

Жоқ




1

Маған өтілген жаңа сабақ ұнады

9

3

2

Сабақ барысында топпен жұмыс жасау тиімді ма?

8

4

3

Мен сабақта белсенді ат салыстым

10

2

4

Сабақ барысында өзіңді әділ бағаландым деп ойлайсың ба?

5

7

5

Өзін-өзі бағалау мен үшін тиімді

9

3

6

Сабақ барысында қолданылатын сұрақтар маңызды ма?

8

4

7

Сабақта өзіңді еркін сезіне аласың ба?

7

5

8

Сабақта кері байланыс жасау ұнады ма?

11

1

Алғашқы сабағымда оқушылардан сауалнама алу барысында нәтиже төмендегідей болды.

Жаңа әдіс – тәсілдерді, критерий бойынша бағалауды қолдана отырып, тағы да үш сабағымды өткіздім. Төртінші сабақтан соң жоғарыдағы сұрақтарды қайталап, тағы да сауалнама алдым. Сауалнамадағы жауаптар бойынша өзгерістер байқалды, сабақта топтық жұмыспен өткен сабақтар, әділ бағаланғанын жаңа әдіс – тәсілдерді қалайтындардың саны артты.


Соңғы сабақтан соң алынған сауалнама нәтижесі төмендегідей болды.
Сауалнама нәтижесінде жаңа технологиямен өтілген сабақтың оқушыларға ұнағанын, қалыптастырушы бағалар арқылы әділ бағаланғанын, өзін еркін сезінгенін білдірді.Жүргізілген жазбаларды қайта қарап шығып, бұрынғы болған сабақтарымдағы іс-әрекет пен кейінгі әрекеттің айырмашылығын байқадым.Оқушылардың сыни ойлауының Блум таксономиясының ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай, яғни қолдану мен талдау деңгейіне дейін қозғалуды көздейтін жаттығуларды беру арқылы сабағымда балалардың пәнге деген қызығушылығымен қатар сын көзбен қарай білгенін білдім. Жаттығуларын орындау негізінде баланың ойының ұшқырлығын, ойын ашық айта алуын, болжам жасай алатындығын анық көре алдым. Мeн oқушылapдың caбaққa дeгeн қызығушылығының күннeн күнгe apтып кeлe жaтқaнын бaйқaдым жәнe тoппeн жұмыc жacaғaн кeздe oлapдың бipлiгiн, ұйымшылдық ic-әpeкeтiн, ceнiмiн, пәнгe дeгeн қызығушылығын, бeлceндiлiгiн көpдiм .Тұйық, үлгepiмi төмeн oқушының өзi тoппeн жұмыc жacaғaнын, бeлceндiлiгiнiң apтқaнын көpдiм. Oқушылapдың caбaққa oң көзқapacпeн қapaй бacтaғaнын, ынтaлapын көpiп қуaндым. Ocы әдіс-тәсілдерді қолдану apқылы бiз oқушылapдың бiлiм caпacын apттыpa aлaтыныма ceнімді болдым. Нәтижесінде балалардың бір-біріне деген ықыласы артып, достығы нығая түсті.Оқушылармен алдағы уақытта қалай жұмыс жасауға болатынын білдім. А деңгейдегі оқушы менің зерттеуім бойынша анықтағаным: қиындыққа мойымайтын, кез-келген ситуациядан шыға білетін, ынталы, зерек оқушы. Алдағы уақытта бұл оқушымен стандарттық білімнен бөлек шығармашылық жұмыспен айналастыруға болатынын білдім. В деңгейдегі оқушы сабақта ынталануы арқасында ойын ашық айтуға, өз бетінше қорытынды жасай білуге үйренді. С деңгейдегі оқушы қалыпты сабақтарда тәртіпсіздігімен танылатын, ал бұл төрт тізбектелген сабақтарда белсенділік танытып, сыныптастарымен бірлесіп жұмыс істеуге үйренді. Менің сабақтарымның ұтымды болған жері-оқушылар жаңа сөз тіркесімен танысты, топта ынтымақтастықта жұмыс істеді, бір-біріне қолдау көрсетті, диалогқа түсіп тілін ширатты, өз ойын флипчартқа түсіре білді. Қазақ тілінде қатесіз сөйлеуге тырысты, қызығушылықтары артқаны байқалды. Оқушылардың мәтінді аударғанда жаңа сөздерді меңгергенін, оқушылардың бірлесе отырып жұмыс атқарғаны, тапсырмаларды дұрыс және тез орындағаны, үлгерімі төмен оқушылардың қалыптастырушы бағаны алу барысында сабаққа деген қызығушылығы мен белсендігі артқандары, Сабағымның ұтымсыз жақтары – Акт-ны қолданар алдында қаламының істен шығуы, тілдік кедергілердің болуы,бағалау кезінде өздерін жоғары бағалауы. Зерттеу кезінде менде мынандай кедергілер болды

  1. Оқушылардың дәстүрлі сабаққа үйренуі.

  2. Тапсырманы орындау барысында уақыттың жетпеуі.

  3. Тапсырманы түсінбей, жүйелікке келе алмаулары.

  4. Бағалау кезінде өздеріне жоғары баға берулері.

  5. Грамматикалық қателерге жол берулері.

  6. Қазақ тілінде ойын жан – жақты жеткізе алмауы.

  7. Рөлдік ойындар жүргізуде ұялшақтық танытулары

Мұндай кедергілерді болдырмау үшін алдағы уақытта сабақтарымнан осыдан шығу жолдарын табамын. Сабақ барысында кедергілерді жойып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,критерий бойынша бағалауды, қалыптастырушы бағаны өзімнің іс – тәжірибемде енгізуді мақсат етіп отырмын.
Нені үйрендім?Оқушыларды топқа бөлудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, топпен жұмыс жасауды, оқушының пікірін тыңдай білуді, оқушыға мүмкіндік беруді үйрендік. Екінші кезекте кездескен қиындықтарды (оқушының өзінің құрбысының қасында отыруы, ұлдар бір бөлек, қыздар бір бөлек отырғысы келді, топқа бөлгенде шулауы) шешу. Оқушылармен бірлесе отырып критерий қоюды, қалыптастырушы бағалармен бағалауды,бір-бірін ,өздерін бағалатуды, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанда ғана жүйелі қызықты сабақ болатынын үйрендім.Келешекте ескеретін мәселелер - оқушы пікірімен санасу, тапсырмаларды топ ішінде талқылау,критерийлер жасау,қалыптастырушы бағалар арқылы қызығушылығын арттыру, ашық сұрақтарды жүйелі қоя білу, оқушылардың көшбасшылығын қалыптастыру,сыни тұрғыдан ойлата білу, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану болды.
Бұл екінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.(М.а.нұсқаулық9-бет).Мектептегі іс-тәжірибедегі зерттеу нәтижесін қорытындылай келе, Мен оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау,өз-өзін ,өзара бағалауды, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде қолданудың тиімді жақтарын анықтадым.Менің 1-ші,2-ші сабақтарымда қалыптастырушы баға арқылы бағаласам да, оқушылармен бірлесе отырып қойған критерийлері арқылы қойған баға, әділ болмағанын байқадым. 3-ші 4-ші сабақта әр дискрипторға балл қойғанда әділ,нақты болатынына көзім жетті.
4 сабақтан соң, менің зерттеу объектісі етіп алған сыныбымның белсенді емес сыныптан белсенді сыныпқа өзгергендігін байқадым. Оқыту үшін бағалауды қолданғанда жаттығулар орындау кезінде, бір-бірін, өзін-өзі бағалауда ойын ашық айта алуын анық көре алдым. Егер өз білімінің олқы тұстарын оқушы өзі ұқса, ол қатарынан қалмаймын деп ұмтылады, қателігін түзетуге тырысады. Сабақ нәтижесінде сол алған бағаға қалай жеткенін оқушы сезінеді. Нәтижесінде табыс критерийін құру,оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқушының дамуына, алға жылжуына ықпал ететіндігін ұқтым. Оқушылардың білім сапасын сәл болса да арттыруда қалыптастырушы бағаның үнемі болу қажет екендігін білдім. Бағадан гөрі балдық жүйемен бағаланғанда ғана оқушы әділ бағаланатынын, оқушы өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, сабақта оқушылармен бірлесе отырып критерий қою керек екенін сонда оқушының ынтасының, белсендігінің артатынын, бағаның нақты, әділ болатынын білдім.
Қазіргі қоғамда заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген мұғалім ғана сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелей алады деген қорытындыға келдім.Оқушылардың өзін-өзі реттеуіне,бір-біріне шынайылылығының қалыптасуына,өз-өзіне сенімді болуына ықпал ететініне көз жеткіздім.Іс-әрекеттегі зерттеу жобасынан алған тәжірибем менің болашақтағы іс-әрекетіме оң әсер етеді деп айта аламын.Болашақта менің білім берудегі мақсатым-қазіргі қоғам талабына сай ,құзырлы,өз бетінше дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті оқушы қалыптастыру болып табылады. Болашақта әр сабағымда жеті модуль идеяларын пайдаланып өткізсем, сапалы біліммен, сан қырлы әдістер негізінде жоғары нәтижеге жетемін деп айта аламын.
Келешекке жоспарым:

  1. Топтық, жұптық жұмысты әлі де үздіксіз жүргізе беремін;

  2. Оқушылардың ынтасын арттыруда оқыту үшін бағалауды, бағалау түрлерін кең көлемде қолданамын;критерий бойынша ,баллдық жүйемен бағалаймын;

  3. Оқушыларды кері байланыс жасауға дағдыландыруда басқа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға тырысамын;

  4. Әріптестеріме осы әдіс-тәсілдерді үздіксіз үйретуде «жаттықтырушы, тәлімгер» болуды жоспарлаймын.

5. Сабақты жоспарлауда 7 модульді ықпалдастырамын.
6 Сабақ барысында үш деңгейдегі оқушыларды зерттеу жұмысын жалғастырамын.
7.Әріпестеріммен оқу қоғамдастығын құрамын.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі )деңгей.

  2. Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Оқу құралы. Алматы – 2013 жыл.

  3. Үлестірмелі материалдар жинағы. Екінші (негізгі )деңгей


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет