Тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Математика пән мұғалімі: Бейбитбаева Арайлым Ертаевна
КОУЧ тәлімгерқазақ тілімі мен қазақ әдебиет мұғалімі:
Өзбекова Қамар Әділгазиновна
2013-2014 оқу жылы
/Оқыту/оқудағы тәсіл
«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану
/Тақырып / оқу жоспарының бөлігі/
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)
Күні:
23.10.13 ж
Мақсаты:
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалана отырып бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар туралы толық білуге тиіс
/Оқытудың нақты нәтижесі
Өмірде кездесетін тіктөртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлар мен зерттеулер арқылы оқушылардың ой өрістерін дамытылуы; қоршаған ортадағы заттардағы тіктұртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіретін болады, шығармашылық пен елестету қабілеттері дамыйды.
Сабақ
Оқушылар 5 топқа бөлініп, қоршағаг ортадағы тіктөртбұрыштарды постерге сызып, толықтап жазады, қарастырады.
/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /А/
Өмірде кездесетін төртбұрыштар (төртбұрыш, параллелеграм, квадрат, ромб, трапеция) туралы мәлімет алу
/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /В/
Төртбұрыштардың төбелері, қабырғалары, диагональдары, бұрыштары туралы мағлұмат алады.
/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /С/
Тік төртбұрыш, квадрат, параллелеграм, ромб және трапецияның түрлерін және қасиеттерін ашып түсінеді
Сабақтың тақырыбы:Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар).
Сабақтың мақсаты: Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлар мен зерттеулер арқылы оқушылардың ой өрістерін дамыту; қоршаған ортадағы заттардағы төртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіру, шығармашылық пен елестету қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, сызбалары бар плакаттар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а)амандасу, оқушыларды түгендеу
ә)сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. (Сыни тұрғыдан ойлау)