Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды (төмендегі 1-суретті қараңыз).
1-сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқыту мен оқудағы шеберлік орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011))
Ұсынылатын іс-әрекеттер Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны қолайлы болмақ). Бұл топтың құрамына басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson Study тиімді болады.
Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткізіңіз. Lesson Study барысында топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең болады.
Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану
Түсініктемелер
қағидаттары.
Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаланыңыз (үлгілері осы кітапшада берілген).
Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір сағат).
Lesson Study кезінде олардың уақытын бағалаңыз және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немесе көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс барысына белсенді түрде қызығушылық танытыңыз.
Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.).
Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.
3,4. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушылардыанықтау