Пән: Дүниетану
Сынып: 2
Сабақтыңтақырыбы: Жануарлардүниесінің әртүрлілігі
Мақсаты:Оқушылардыңбілімінарттыраотырып, жануарлар дүниесінің әртүрлілігі туралытүсінікқалыптастыру. Жануарлардыңтоптарғабөлінуерекшеліктерінтүсіндіреотырып, білімдерінтереңдету. Логикалықой-өрісіндамытубарысындатапқырлыққа, танымдыққабылдауын
арттыруғадағдыландыру. Табиғаттықорғауғатәрбиелеу.
Сабақтыңәдісі:Сұрақ-жауап, ойын, электрондыоқулық
Сабақтыңтипі:Жаңаұғымберу
Көрнекілігі:суреттер, деректіфильм, сызбалар
Сабақтыңбарысы:
1.Ұйымдастырукезеңі.
-Көңіл күйіміз қалай?
-Керемет!
Сабаққа ынтамыз қалай?
-Ғажап!
Сабаққа дайындығымыз қалай?
-Тамаша!
-Ендеше сабағымызды бастаймыз.
-ВО;ВО;ВО
2.Жаңа сабақ.
Жұмбақтар шешу.
1.Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы.
Түлкі
2.Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып.
Аққу
3.Таусылама қараңдар,
Табиғаттың қызығы.
Суық жақтағы жануар
Бұтақ-бұтақ мүйізі.
Бұғы.
4. Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Аю.
-Жақсы балалар, енді назарымызды экранға аударайық. Не көріп отырмыз?
-Дұрыс , сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі.
Кіріспе.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың
түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
ЖАНУАРЛАР ,Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер, сүтқоректілер
Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
Балықтар.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділер.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілер
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Жорғалаушылар.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктер.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
Мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап аламын.
АҢДАР
Жабайы
Үй жауырлары
Олардың көпшілігі ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенеді.
Жануарларды аулап, етпен қоректенетіндерді жыртқыштар деп атайды.
Ең маңыздысы Анықтама
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
3.Электронды оқулықпен жұмыс
1.Жануарлар туралы мағлұмат
2. Видео ролик-жануарлар туралы.
4.Оқулықпен жұмыс
Оқулық бойынша мәтінді оқып, кестемен жұмыс жасау.
5. Сергіту сәт
6. Жаңа тақырыпты бекіту
1 тапсырма-оқулықтан 81 бет
2 тапсырма- 82 бет
3 тапсырма-электронды оқулықтан 1-5 тапсырмалар.
7. Дәптермен жұмыс.
1.Жануарлар топтарын жазу
2. Жануарлар тіршілігіне не қажет?
3.Суретпен жұмыс 41 бет
4 тапсырма. Жыртқыш аңдарды анықта
8. Ойын «Үй жануарларын анықта»
Мен жануарлардың аттарын атаймын , егер ол үй жануары болса шапалақтаймыз.
9. Ой қозғау.
«Киіктің айласы» әңгіме оқу. Оқушылар талдайды.
10 Қорытынды
Жануарлардың топтарын ата?
Қоректенуіне байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
Тіршіліктеріне не қажет?
11Бағалау. Үй тапсырмасы дәптерден41,42 бет.Оқулықтан 80-82 бет оқу.
.
Дөң орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:«Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі»
2 қазақ класы
Мұғалімі: ИзтаеваА.А.
2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |