Сабақтыңтақырыбы Адам және табиғат Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі1,32 Mb.
#154358
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
үлгі ҚМЖ Бегайым

ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
1-тапсырма. ФС Топтық жұмыс.
Мәтінді мұқият тыңдайды, «Сенің ойың қандай?» әдісімен оқушылар жұптарымен бірлесіп, жазбаша пікірлерін анықтап, хабарландыру жазады.
Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда, соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт. Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ — біз. Табиғат - адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші. Табиғаттан біз, киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз. Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін. Экологияны және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң, қатты суық және ыстық желдерден микробтар, түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады.
Дескриптор:
-мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды
-көтерілген мәселеге байланысты хабарландыру жазады
ЕБҚ: жеке жұмыс. Мәтінді тыңдайды, мәтіндегі мәселені анықтайды.
Дескриптор:
-мәтінді тыңдайды, мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды .


ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.
2-тапсырма Топтық жұмыс
«60-60-60» әдісі бойынша
1-қадам. Әр топтан бір оқушы 60 секунд ішінде өзі тыңдаған мәтіннен бірнеше антонимін табады.
2-қадам. Екінші оқушы бірінші оқушыдан естіген антоним сөздерге мысал келтіреді.
3-қадам. Үшінші оқушы бас қосып талқылап, антоним сөздерді қатыстыра отырып монолог жазады.
ЕБҚ: «Суретте» ойыны арқылы жаңа сабақты меңгерту үшін тиімді. Берілген суретке қарап антонимді қатыстыра отырып монолог жазады.

Дескриптор:
ЕБҚ:- монолог жазады
-антоним сөздерді табады

3-тапсырма «Факт па пікір ма?» әдісі
Тыңдалым мәтіні бойынша қайсысы факт қайсысы пікір екенін анықтау



Мысалдар

Факт

Пікір

1

Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына







2

Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ — біз.







3

Табиғаттан біз, киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.







4

Экологияны және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет